Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Жер кодексін түсіндіруге қатысты Сall орталықтар құрылып жатыр

Жер кодексін түсіндіруге қатысты Сall орталықтар құрылып жатыр

Тұрғындардың сауалдарына жер қатынастары саласындағы білікті мамандар егжей-тегжейлі жауап береді.

Ертіс өңірінде осындай орталық алғашқы қоңырауларын мамырдың басынан бері қабылдауда. Шұғыл байланыс орталығы таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. 

Бұл іс Жер кодексінің 4 нормасына енгізілген мораторийден соң бірден қолға алынды. Орталықтар жұмысын демалыссыз жүргізеді.

Марат Шамшиденов, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы

-Call-центрге түсетін жер мәселесі негізінен ауыл шуарышылық жерлер туралы, оларды жалға берген уақыттарын ұзартылуы, қалай ұзартуға болатындығы, сол туралы түсініктеме беріледі. Одан басқа жер пайдалану мақсатын қалай өзгерту туралы нысандарын, олар туралы тағы көп сұрақтар. Бұл көпшіліктің ойында жүрген сұрақтар. 

Ақтөбе облысында ашылған орталықтар да осындай жүйеде жұмыс жасауда. Шұғыл желінің іске қосылғанына шамалы уақыт болса да, қоңырау шалушылар көп. 

Мәселен, екі тәулік ішінде 50-ден астам қоңырау түскен. Өңірде бүгінде ауыл шаруашылық мақсаттағы 27 млн гектар жер бар. Соның 9 млн гектарынан астамын 4364 шаруа қожалығы мен 392 серіктестік пайдалануда. 

Қабай Сәрсенғалиев, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы

-Байланыс орталығында біздің негізгі мамандар отыр. Барлық сұрақтарға жауап беріліп жатыр. Қоңыраулар түсіп жатыр. Негізінен, ауыл шаруашылығы жерлері бар, жеке тұрғын үй құрылысының жерлері бойынша және тағы басқа да сұрақтар бойынша.

Павлодар өңірінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12 млн гектардан астам учаске бар. Бұл алқаптардың игілігін 3195 фермерлік және шаруа қожалығы көруде. 

Билік пен шаруалар арасындағы байланысты күшейту үшін елімізде Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді түсіндіру мақсатында сарапшылардан  комиссиялар да құрылмақ. 

Демек бұл бағытта тың жұмыстар атқарылмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Нұргүл Қонақбаева, Айнадин Молдабеков, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий


Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/55114-zher-kodeksin-t-sindiruge-atysty-sall-ortaly-tar-rylyp-zhatyr

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика