Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар VII АЭФ шеңберінде өзгермелі климатқа ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселелері талқыланды

VII АЭФ шеңберінде өзгермелі климатқа ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселелері талқыланды

Сессия жұмысына ресми тұлғалар, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, таяу және алыс шетелдерден ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты.
Іс-шара барысында панельдік сессияға қатысушылар климаттың өзгеру проблемасын және оның ауыл шаруашылығының дамуына әсерін талқылады, отандық және халықаралық сарапшылардың ғылыми зерттеулері негізінде жер шаруашылығы жүйелерін дамыту және өзгермелі климатқа Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласын бейімдеу бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі.
Панельдік сессияны ашу кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бәрінен бұрын ауыл шаруашылығы климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерден зардап шегетінін атап өтті. Аграрлық саланың климаттың өзгеруіне тұрақты болуы үшін салдарды бағалауды, ұзақ мерзімді бейімдеу үшін институционалдық әлеуетті өсіруді және табиғи апаттардан туындайтын қауіптерді басқару жүйесін құруды қарастыратын тиісті саясат жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ, баяндамаларымен Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрі Фахд бен Абдуррахман Балгунейм, Шығыс Еуропасы мен Орталық Азия үшін ФАО өңірлік директоры Владимир Рахманин, Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Леонид Адамович Маринич, Орталық Азия үшін Дүниежүзілік банктің өңірлік директоры Сародж Кумар Джа, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Каппаров және Greenport Holland International Президенті Херман де Боон сөз сөйледі.
Панельдік сессияның қорытындысы өзгермелі климатқа ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болды.
ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus