Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар VI Астаналық экономикалық форум шеңберінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында АӨК даму келешегі талқыланды

VI Астаналық экономикалық форум шеңберінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында АӨК даму келешегі талқыланды

23 мамыр 2013 ж. Астана қ.

VI Астаналық экономикалық форум шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен панельдік сессия өткізілді. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында АӨК даму келешегі талқыланды.
Сессияның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарының өкілдері, ресми тұлғалар, ДСҰ-ның бас директорының орынбасары Алехандро Хара, Солтүстік Дакота Штаты Губернаторының орынбасары Дрю Х.Ригли, Канаданың АӨК және Ауыл шаруашылығы министрі Джерри Ритц, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары И.В.Шестаков, ауыл щаруашылығы саласындағы алыс және жақын шетелдерінің мамандары мен ғалымдары қатысты.
Панельдік сессияны аша отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Толыбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен дайындық үрдісі жайында мәлім етті. ДСҰ-ның Шарттарына қосылу аясында келіссөздердің негізгі тақырыптары ауыл шаруашылығы тауарларының нарығына қолжетімділігі, экспорттық субсидиялар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, ауыл шаруашылығын іштей қолдау көлемдері болып табылды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарлары нарығына қолжетімділік бойынша екіжақты келіссөздер аяқталды.
Сондай-ақ баяндамалармен ДСҰ-ның бас директорының орынбасары Алехандро Хара, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары И.В.Шестаков, Канаданың АӨК және Ауыл шаруашылығы министрі Джерри Ритц сөз сөйледі.
Қорытынды сөзінде Ауыл шаруашылығы министрі асылжан Мамытбеков ДСҰ-ға кіру аясында өткізіліп жатқан келіссөздер үрдісінде нарықты барынша қорғау мақсатында Қазақстан отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызығушылықтарын қорғайды.
Панельдік сессияның қорытындысы аясында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында АӨК даму келешегі, Қазақстанда АӨК даму және халықаралық тәжірибені ескере ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекелестігін жоғарлату бойынша ұсыныстар берілді.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus