Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары В рамках реализации Программы «Агробизнес – 2020» предложено создать рабочую группу для формирования приоритетных направлений научного обеспечения перерабатывающей и пищевой отрасли страны.

В рамках реализации Программы «Агробизнес – 2020» предложено создать рабочую группу для формирования приоритетных направлений научного обеспечения перерабатывающей и пищевой отрасли страны.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
22. 02.2013ж. Астана қ.
Бүгін «ҚазАгроИнновация» АҚ ғимаратында орналасқан Қазақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ҒЗИ базасында «АгроБизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызды бағыттарын қалыптастыру мәселелері» деген тақырыпта жұмыс бабындағы кеңес болып өтті. Бұл басқосуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, АӨК және агробизнес саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ «ҚазАгроИнновация» АҚ ғалымдары қатысты.
Кеңес барысында саладағы шешімін таппай отырған проблемалар талқыланды, яғни ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерінің тапшылығы, шикізат сапасының нашарлығы, құрал-жабдықтардың тозығы жетуі, кадр жетіспеуі, ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіруді субсидиялау тетігінің жоқтығы.
Қазақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ҒЗИ ғалымдары «ҚазАгроИнновация» АҚ жанында Жұмыс тобын құруды, оның жұмысына ҚР АӨК қайта өңдеу кәсіпорындары қызметкерлерін қатыстыруды, сөйтіп еліміздің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді технологиялық тұрғыдан дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, қолданбалы зерттеулердің және осы міндеттерді іске асырудың басым бағыттарын қалыптастыруды ұсынды. Бұл «Агробизнес-2020» бағдарламасын бірлесіп іске асыруда мейлінше мол нәтижеге жетуге мүмкіндік бермек.
«Агробизнес-2020» бағдарламасында ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете өңдеуді дамытуға баса назар аударылғанын атап айтқан жөн, яғни Бағдарлама міндеттерінің бірі ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете өңдеу өнімін өндіру үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық тұрғыдан қол жетімділігін арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете өңдеу саласын дамыту, өндірілетін өнімнің сапасын арттыру мақсатында, Бағдарламада ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдете өңдеуге байланысты шығындарды субсидия беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау көзделген.
Мемлекет тарыпан жасалатын мұндай қолдау отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың Кедендік одақ елдерінің кәспорындарымен тепе-тең жағдайда жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріліп, ішкі тұтынудағы импорттың үлесі азая түседі, кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне оң ықпал етіледі. АӨК қайта өңдеу саласын дамытуға жаңаша серпін қосылады
Осы бағдарламалық құжаттағы жоспарға сәйкес 2020 жылы бидайды тереңдете қайта өңдеу (крахмал, глютен, дән маңызы) өнімін экспорттау бойынша қазіргі уақытта іске қосылып отырған жобалар табысты болған жағдайда шикізат эквивалентінде 0,3-0,5 млн. тонна болмақ.
Семинарда ғылыми әзірлемелердің қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы өндірісте қолдануға дайын нәтижелерінің көрмесі жұмыс істеді.
Конференция ҚР АӨК қайта өңдеу кәсіпорындары мен «ҚазАгроИнновация» АҚ ғалымдары арасындағы нәтижелі пікір алмасу алаңы ретінде маңызды шара болды.
«ҚазАгроИнновация»
баспасөз қызметі
8(7172) 485353

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus