Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Баламасы жоқ байлық» акциясы шеңберінде Жайық өзеніне 25 мың дана шабақ жіберіледі.

«Баламасы жоқ байлық» акциясы шеңберінде Жайық өзеніне 25 мың дана шабақ жіберіледі.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

22.07.2016 ж.                                                             Астана қ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК Атырау қаласының әкімдігімен бірлесіп 25 мың дана бекіре тұқымдас балықтарының шабақтарын Жайық өзеніне жібере отырып, «Баламасы жоқ байлық» акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Акцияны 2016 жылғы 23 шілде сағат 10-да Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасында өткізу көзделген.

Акцияға жұртшылық, балық саласының ардагерлері, жастар және мектеп жасындағы балалар қатысуы жоспарланып отыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика