Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жайық өзеніне 2 млн. дана шамасында бекіре шабақтары жіберілді

Жайық өзеніне 2 млн. дана шамасында бекіре шабақтары жіберілді

fish

«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен Жайық өзеніне 1 908 000 дана бекіре балық түрлері жіберілді (қортпа – 597000 дана, орыс бекіресі – 707000 дана, сүйрік – 10000 дана, шоқыр – 594000 дана).

Жыл сайын Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыттары дернәсілдерді инкубациялау және жасанды алу тәсілдерімен 7 млн. дана бекіре балық түрлерінің шабақтарын өзенге жібереді.

Қазіргі уақытта қалған дернәсілдер өсіру тоғандарына отырғызылды. Қоршаған ортаға төзімді болуы үшін стандарттық салмағы бойынша оларды табиғи мекендеу ортасына жібереді.

Каспий тенізіндегі бекіре тұқымдас балық түрлері қорының азаюына байланысты ҚР Үкіметімен шабақтарды жасанды жағдайда өсіріп, оларды кейіннен табиғи мекен ету ортасына жіберу бойынша шаралар қабылдануда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Теги: АШМ, балық,бекіре, Жайық, балық зауыты, Атырау

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus