Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасының Бейжіңдегі елшілігінде ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаеваның China National Materials Group Corporation (Sinoma) Ltd. қытайлық мемлекеттік корпорацияның төрайымы Хан Рюминмен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Бейжіңдегі елшілігінде ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаеваның China National Materials Group Corporation (Sinoma) Ltd. қытайлық мемлекеттік корпорацияның төрайымы Хан Рюминмен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Бейжіңдегі елшілігінде ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаеваның China National Materials Group Corporation (Sinoma) Ltd. қытайлық мемлекеттік корпорацияның төрайымы Хан Рюминмен кездесу өтті.

Кездесу аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан Қытайға экспорттау бойынша ынтымақтастық орнату, сондай-ақ ҚР агроөнеркәсіптік секторына инвестиция тарту мәселелері туралы сөз болды.

SINOMA Import&Export астықты және ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу арқылы өздерінің дүкендер желісінде және де Қытайлық дистрибьюторлық желісінде өткізу үшін шетелден алады.

Қазіргі таңда корпорация жыл сайын Қазақстаннан бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға қызығушылық танытып отыр: 50 000 тонна шамасындағы күнбағыс, 80 000 тонна зығыр, 100 000 тонна рапс, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген шикізаттан 90 000 тонна өсімдік майы.

Қытайдың мемлекеттік корпорациясы биылғы жылы зәйтүн тұқымдас дақылдардың 180 000 тоннасын және 90 000 тонна өсімдік майын сатып алуды жоспарлап осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі мен Sinoma корпорациясы арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығында алға жылжыту бойынша бірлескен әрекет Жоспарына қол қойылды.

Қазақстаннан Қытайға басқа да ауыл шаруашылығы өсімдік (зәйтүндік, астықтық, бұршақ дәнді, бақша дақылдары, көкөністік, жемістік) және мал (сиыр еті, қой еті) өнімдерін экспорттау бойынша кеілссөздер жалғасын табады.

Sinoma өсімдік майын 40 000 тоннада өңдейтін қуатты кәсіпорынға инвестиция жасаудан бастап Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша қолданыстағы кәсіпорындарды жетілдіру және жаңа кәсіпорындарын құру үшін инвестиция жасауға ниетті.

Корпорация Sinoma қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын өте жоғары бағалап, оны Қытайда «жоғары таптың» өнімі ретінде таратады.

Анықтама үшін:
China National Materials Group Corporation Ltd. (әрі қарай – SINOMA) 100 млн юань көлемінде бекітілген капиталы бар Қытайлық мемлекеттік ұйым. SINOMA China Top 500 қатарына кіреді. 12 млрд. юань жылдық айналымы бар Sinoma Import&Export дербес бөлімшесі әртүрлі салада мамандандырылады, соның ішінде Қытайдың өсіп келе жатқан сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында астықты және ауыл шаруашылығы өнімдерін АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және де басқа елдерден мемлекеттік сатып алуды іске асырады.
SINOMA-ның АҚШ, Еуропа, Жапония және Таяу Шығыс және Африка секілді 60 мемлекетте және аймақта еншілес компаниясы бар.

Корпорация құрамына 40 ғылыми-зерттеу институты, соның ішінде мемлекеттік деңгейдегі бір лаборатория, БҰҰДБ қаржыландыратын 2 даму орталығы, өнімнің сапасын тексеруді бақылау бойынша мемлекеттік деңгейдегі 5 инженерлік-зерттеу орталықтары, стандарттау бойынша мемлекеттік деңгейдегі 9 техникалық комитет, 13 ғылыми-зерттеу және жобалау институты кіреді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus