Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Петропавл су қоймасына 7 млн. дана ақсаха дернәсілдері жіберілді.

Петропавл су қоймасына 7 млн. дана ақсаха дернәсілдері жіберілді.

Баспасөз – хабарламасы

22.04.16 ж.                                                                                                                     Астана қ.

Биологиялық әртүрлілікті сақтау және балық ресурстарының өсімін молайтуды қамтамасыз ету ету мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Петропавл балық питомнигі Петропавл су қоймасына 7 млн. дана ақсаха дернәсілдері жіберді.
2016 жыл ішінде Петропавл балық питомнигі Сергеев және Петропавл су қоймаларына 96 млн. дана мөлшерде балық өсіру материалын, оның 55 млн. данасы ақсаха, 40 млн. данасы тұқы дернәсілдері және 1 млн. данасы тұқы шабақтарын жіберу жоспарлануда.

Анықтама:

Бүгін таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында өсімін молайту мақсатындағы жеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жұмыс істейді.
Табиғи мекен ету ортасына  бұдан әрі жіберілетін шабақтарды табиғи өсіру жөніндегі функция мына республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен іске асырылады:
Атырау бекіре балық өсіру зауыты;
Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты;
Қамыстыбас балық питомнигі;
Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы;
Петропавл балық питомнигі;
Майбалық балық питомнигі;
Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы.

Кәсіпорын құнды балық түрлерін өсіру жөніндегі мемлекеттік сатып алу қызметі туралы шартты орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өндірістік қызметті жүзеге асырады. Көктемғі кезеңде, барлық кәсіпорындарда шабақтарды биотехнологиясына сәйкес, өзге де іс-шаралар мен органикалық тыңайтқыштарды енгізуді, антипаразиттік өңдеуді балық өсіретін маусымда – қатты өсімдіктерді ору, (қоға, қамыс) гидротехникалық ғимараттар мен тоғандарды өз уақытында дайындауды жүзеге асырады. 

 

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved