Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК субсидиялауға биыл 157,3 млрд.теңге бөлінді, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,8 есеге көп

АӨК субсидиялауға биыл 157,3 млрд.теңге бөлінді, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,8 есеге көп

Барлық жұмыс істейтін қазақстандықтардың ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын халықтың саны 25%-ды құрайды. Сондықтан АӨК-ке бөлініп жатқан қосымша қаражат қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, АӨК-пен аралас салалардың дамуына жағымды әсер бермек. 2015 жылы АӨК субсидиялауға 157,3 млрд.теңге бөлінді, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,8 есеге көп (87,2 млрд. тенге).
Бүгін «Агробизнес-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуының алғашқы нәтижелері жайлы айтуға болады. 2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2,5 трлн. теңгені құрап, өткен жылдың көрсеткішінен 0,8%.-ға асып түсті. Күрделі табиғи жағдайға қарамастан өсімдік шаруашылығының өсімі 98,4% құраса, мал шаруашылығында – 3,8%.
Азық-түлік өнімдерін өндіру 2,9 %-ға (немесе 1 042,4 млрд. теңге) өсті. 2014 жылы енгізілген инвестициялық субсидиялар ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемін 14,4%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беріп, жыл қорытындысы бойынша 166,4 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдерін өндірудің инвестициясы 16,5%-ға артып, 40,8 млрд. теңгені құрады.
Ет және ет өнімдері экспортының өсімі үшін өткен жыл өзгермелі болды. 2014 жылы Қазақстан 12,3 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттады. Оның ішінде қызыл ет экспорты 7,5 мың тонна, сиыр еті – 6,3 мың тонна. Ал, АӨК өнімінің импорты 4,1%-ға (3,8 млрд. тенге) төмендеді.
Жаһандық экономикадағы құбылыстар еліміздің АӨК саласында мемлекеттің қосымша қатысуын қажет етеді. Әсіресе бұл Кедендік одағы жағдайында Ресей Федерациясының экономикасындағы үдерістер Қазақстан экономикасына тікелей ықпал етуіне байланысты. Бұған қоса, жаһандық экономикалық құбылыстардың кері әсері тиіп жатқан ЕЭО серіктес елдері ауыл шаруашылығының мемлекеттік қолдау көлемін өсіруде. Бұл көлемнің өзі бүгінде Қазақстанның көрсеткішінен асып түсуде.
Кеңейтілген Үкімет отырысының барысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен қолдауына қосымша қаражат бөлуді тапсырды. Атап айтқанда, 2015 жылы Ұлттық қордан АӨК субъектілерін қосымша қаржыландыруға 20 млрд.теңге қарастырылған.
Оның 7 млрд. теңгесі қаржылай сауықтыру аясында несиелік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға жұмсалмақ. Ұлттық қордын қаражаты АӨК субъектілерінің міндеттемелерін 200 млрд. теңгеге қосымша пролонгациялауға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, жалпы міндеттемелердің сауықтыру соммасы 500,0 млрд. теңгені құрамақ.
Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қайтару үшін 1,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл 2015 жылы салаға 60,0 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартуға септігін тигізбек.
Мал шаруашылығы бағдарламаларын субсидиялауға 11,5 млрд. теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен ертеректе бөлінген 53,0 млрд. теңгені есептегенде жалпы сомма 64,0 млрд. теңгені құрамақ. Бұл қаржы ЕЭО жағдайында отандық мал және құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімдерді ұлғайтуға бағытталмақ. Қалған қаржы 12 мың адам қызмет ететін құс шаруашылығында жұмыс орындарын сақтап қалуға бөлінбек.
500 млрд. теңгеге дейін қаржылай сауықтыру көлемін ұлғайтудан басқа, АШМ облигациялық заем бойынша міндеттемелерді қайта қаржыландыруды, облигация бойынша купондық ставканы субсидиялау, ертеректе ұсынылған қайтарымсыз субсидияларды басқа мемлекеттік қолдау бағдарламалар бойынша алған қарыз алушылардың басқа бағдарламаларға өту тәрізді қаржылай сауықтырудың құралдарын кеңейтуді ұсынып отыр.
Өз тарапынан Министрлік «Казагро»ҰБХ» АҚ бірлесе орта және кіші бизнесті несиелеу бағдарламаларын әзірлеп, 50 және 100 бас қуаттылығы бар қой, жылқы және сүтті-тауарлы фермерлік шаруашылықтарды құру бойынша индикативті жоспарларын айқындап, 5 гектарға дейін отбасылық бау-бақшаларды құрудың кепілсіз несие алу қарастыруда.
Жалпы, аталмыш шараларды іске асыру есебінен алдын ала болжам бойынша 2015 жылы шамамен 30 мың адамды жұмыспен қамтуға болады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus