Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Премьер-министрі Серік Ахметовтың қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

ҚР АШМ Премьер-министрі Серік Ахметовтың қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

ҚР АШМ Премьер-министрі Серік Ахметовтың қатысуымен

кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

 

Астана қ.                                                                                                                                     04.02.13 ж.   Алқа мәжілісі жұмысына ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Астана және Алматы қалаларының, облыс әкім орынбасарлары, аумақтық инспекция, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшылары, ҚР АШМ қарасты ұйымдар басшылары мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отырысты аша отыра 2012 жылғы агроөнеркәсіп кешенінің даму нәтижелері мен үстіміздегі жылдың ҚР АШМ негізгі міндеттері туралы баяндады. Министр 2012 жылдың күрделі болғанын атап өтті. Бірқатар аймақтар құрғақшылыққа тап болды. Десекте, ылғалды үнемдеу технологиясын енгізуді жалғастырудың арқасында шаруалар жалпы жақсы егін (12,9 млн. тонна бидай) жинады. Бұл көрсеткіш ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуімен қатар, экспортқа (өткен жылдың қалдықтарын есептегенде) 7,8 млн. тонна бидай деңгейінде жөнелтуге мүмкіндік береді. Жалпы ылғалды үнемдеу технологиясын енгізу бойынша жағымды динамика байқалуда (облыстардың мәліметтері бойынша 2012 жылы ылғалды үнемдеу технологиясы 12,4 млн. га немесе 77 % астық сынасында қолданылды). Осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Ылғалды үнемдеу технологиясы қолданылатын алқаптарды кеңейту мақсатында 2012 жылы 1,0 мың астық жинайтын комбайндар, 1,8 мың трактор, 203 егін егу кешендері сатып алынды. Дегенмен мұндай жаңартулар көлемі жеткіліксіз. Сондықтан 2013 жылдың бюджетінде ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің пайыздық үстеме ақысын субсидиялауға алғаш рет 3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге жылына 7 % үстем ақымен 52 млрд. теңге көлемінде лизингтік келісім шарт жасауға мүмкіндік береді. Отырыс барысында Министр алқаптарды әртараптандыру бағытында ауыл шаруашылы дақылдарының алаңдары мал жемінің, майлы және азықтың дақылдар сыналарын кеңейтуін қарастыратын облыс әкімдіктерімен қол қойылған Меморандумда көрсетілген көрсеткіштерге сай болуын атап өтті. Осы дақылдар алқаптары өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 403, 25 және 220 мың га өсті. 2013 жылдан бастап алғаш рет тек отандық қана емес, сондай-ақ шет елдік өндірістегі гербициттер субсидияланады. Отандық гербицидтерді сатып алған жағдайда, жәрдем ақы диһандарға сатылатын гербицидтер бағасының 50 %; шетелдік гербицидтерге – 30 % дейін төленеді. Бұл отандық және шетелдік өндірістегі химиялық өнімінің баға дисбалансын жойып, АШТӨ үшін олардың қолжетімділігін жоғарлатады. Cебебі, гербициттердің кейбір түрлері ҚР өндірілмейді. Мемлекеттік қолдаудағы жаңашыл механизмдерінің бірі түпнұсқалық тұқымдарды субсидиялауды жою. Осы орайда, барлық негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлеріне субсидиялар соңғы элиталық тұқымды сатып алушыға төленеді. Бұл тұқым бағасының төмендеп, сапасының жоғарлауына және бәсекелестіктің дамуына өз ықпал тигізеді. Өз кезегінде оригинаторлар да колдаусыз қалмайды. Қолдау ғылым бағыт бойынша негізгі қаржыландыру арқылы көрсетіледі. Жылыжайлардың алқаптары өсуде. Бүгінгі күні 505 гектарда 60 мың тонна көкөніс өсірілуде (2008 жылмен салыстырғанда шамамен 10 есеге өсті ). Бұл ерте пісетін көкөністердің ішкі нарықтағы қажеттілігін 66 % қамтамасыз етеді. Алқа мәжілісін өткізу барысында ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының жүзеге асу сұрақтары талқыланды. 2012 жылы агроқұрылымдарында мал басының саны орташа есеппен 12,5% өсті, ал мал шаруашылығы өндірісінің өнімі 13 %. Атап айтқанда, бағдарламаның маңызды компоненті болып келетін фермерлік шаруашылықтар бойынша, егер 2010 жылдың 1 қаңтарында ФШ ІҚМ саны 780,7 мың басты құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша мал басының саны 50 % артып, 1,2 млн. басты құраған. Мұнымен, «Сыбага» бағдарламасы бойынша ІҚМ аналық мал басын сатып алуына 1400 фермерлік және  шаруа қожалықтарына көмек көрсетілді. Етті бағыттағы өндіруші бұқаға сұраныс өсуде. Ет жобасының қолдауының арқасында 2012 жылдың соңында асыл тұқымды етті мал басының үлесі 3,9 % жетті, ал бұл көрсеткіш 2012 жылдың басында 2,8 % құрады. Мал шаруашылығын дамытумен қатар еліміздегі эпизоотикалық жағдайды жақсарту, мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда ветеринарлық қызметінің дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді, ол өз кезегінде ХЭБ келісілді. Сондай-ақ, биологиялық қалдықтарды утилизациялау, ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі енгізілмек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында өндірістің өсімі байқалуда. 2011 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 3 % өсіп, 833 млрд. теңгені құрады. Бірақ жыл сайынғы өсімге қарамастан негізгі ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңдеу үлесі төмен. Біріншіден, бұл өндірістік сипаттағы мәселелер. Атап айтқанда, шикізат сапасының төмендігі, өндірістің маусымдылығы, дайындау жүйесінің дамымағандығы, ауыл шаруашылығы шикізатын сақтау және тасымалдау, негізгі құралдардың тозу деңгейі айтарлықтау жоғары болуы. Осы мәселелерді шешу «Агробизнес-2020» салааралық бағдарламасының жобасы шеңберінде бірқатар шаралар кешені қабылданбақ. Екіншіден, дайын қолдағы өнімді сатумен байланысты мәселелер. Бұл техникалық реттеу нормалардың қолданудағы бақылаудың болмауы, импорттық тауардың жасырын демпингінен ішкі нарықты жеткіліксіз қорғау, отандық тауарды жүйелі сатуда жағдайдың болмауы. Ал осы сұрақтар АШМ құзіретіне жатпайды. Десекте, аталмыш мәселелер қайта өңдеу және азық-түлік өндірісін дамыту және қолдау бойынша Жол картасымен бекітілген барлық қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен шешілуі тиіс. Коллегия барысында отандық аграрлық ғылымның реформалау бағдарламасы талқыланды. Ол үстіміздегі жылы жүзеге аспақ.       ҚР АШМ баспасөз қызметі +77172555765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus