Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ-де киіктердің жаппай қырылу фактісінің себептерін анықтау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

АШМ-де киіктердің жаппай қырылу фактісінің себептерін анықтау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

19 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Бетпақдала популяциясы киіктерінің жаппай қырылу фактісінің себептерін анықтау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Бұрынырақ жұмыс тобының мамандары киіктер пастереллёз қоздырғышынан мерт болды деген ортақ шешімге келді. Алайда бұл аурудың қоздыруына не себеп болғандығы анықталған жоқ.
ҚР АШМ киіктердің жаппай қырылу фактісінің себептері жайлы дәйекті мәліметтердің және киіктердің ауруларын алдын алу және болдырмау шараларының аясында ғылыми ұсыныстарының жоқтығы алаңдатуда. Осы ретте, киіктердің қырылуының басты себептерінің орнатылмауы және ғылыми ұсыныстардың жоқтығы бұл дерттің қайталануына қаупін төндіреді.
Отырыста ҚР БҒМ қарасты биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен әзірленген Бетпақдала популяциясына қарасты киіктердің миграция жолымен 3 ай жүрген экспедиция барысында жинақталған биологиялық сараптамалардың зертханалық зерттеулері тыңдалды. Бұл құжат төрт ғылыми-зерттеу институттардың, шетелдік ғалымдардың және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Киіктердің өлу себептерін анықтау жөніндегі жұмыс тобының отырысының хаттамасы

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика