Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-де жер реформасы бойынша республикалық комиссияның арнайы жұмыс топтарының бірінші отырысы өтті.

ҚР АШМ-де жер реформасы бойынша республикалық комиссияның арнайы жұмыс топтарының бірінші отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы
25.05.16 ж.                                                                                                   Астана қ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жер реформасы бойынша құрылған республикалық комиссиясының құқықтық, экономикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Бұрынырақ республикалық комиссияның екінші отырысында құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру  және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша төрт жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.
Жұмыс топтарының негізгі мақсаты жер нормаларының заңнамасына сәйкес ұсыныстарды қарау және жетілдіру болып табылады.
Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында  ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call-центр (1434) қызмет етуде. Мұндай байланыс орталығы  аймақтарда да құрылды.
Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 1800 жетті. Оның ішінде жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, ү.ж.       6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға моратории жүргізу мәселеріне қатысты қоңыраулар келіп түсуде. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде.

Анықтама:
Қоғам қайреткері Мұхтар Тайжан жер реформасы бойынша комиссиясының құқықтық тобын басқарады. С.Сейфулин атындағы Қавақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев экономикалық тобын, қоғам қайраткері Мұрат Абенов ақпараттық-түсіндіру тобын, «Ұлт тағдыры» Қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Досмұханбет Күшімов ашықтықты қамтамасыз ету тобын басқарады.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com  
W: www.minagri.gov.kz    

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus