Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ «Жас маманға – ақ жол!» акциясы өтті

АШМ «Жас маманға – ақ жол!» акциясы өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде аграрлық мамандықтарды дайындайтын 7 Қазақстанның ЖОО түлектерін жұмысқа тарту аясында акция өтті. Білікті, білім деңгейі жоғары, ой өрісі кең 462 студент үшін Министрлік бойынша қысқаша экскурс өткізілді. Ведомста қызметкерлері орталық аппараттың құрылымы жайында, мансап өсімінің мүмкіншілігі мен перспективасы жайлы және қызықтыратын сауалдарға жауап берді. Қызығушылық танытқан студенттер сұхбаттасуға шақырылды.
Бүгінгі таңда Министрлік штаты 4 139 бірлікті құрайды, атап айтқанда: Астанадағы орталық аппаратта – 231, облыстың және аудандық инспекцияларды қосқанда АӨК мемлекеттік инпекция комитетінде – 1 472, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде – 2 436. Қазіргі таңда жүйе бойынша 305 бос орын бар.
2012 жылы мұндай акция шеңберінде мемлекеттік қызмет аясындағы қолданыстағы заңнамаға сай жоғары оқу орындардың 10 стутенті жұмысқа қабылданды. Оның 5 Министрліктің орталық аппаратында, АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инпекциясында -1, Қоршаған ортағы қорғау және су ресурстары Министрлігінде реорганизация кезінде 2 қызметкер ауысты және 2 магистратураға түсулеріне байланысты жұмыстан босатылды.
2013 жылы жоғары қызметтерге 153 адам тағайындалды, оның 125 адамы (82%) министрлік қызметкерлері. Біліктілікті жоғарлату курстарынан – 1977 қызметкер өтті. Министрліктің 4 қызметкері бүгінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік одақ және Еуразия экономикалық кеңістік ұйымында қызмет етуде. «Болашақ» бағдарламасында 3 қызметкер оқуда.
Министрлік өзін жас мекеме ретінде санайды. Бұған дәлел цифрлар, мәселен 30 жасқа дейін – 87 қызметкер немесе 31,3 %; 30дан – 40 дейін – 108 қызметкер немесе 38,8%; 40тан-50ге дейін – 35 қызметкер немесе 12,6%; 50ден жоғары – 48 қызметкер немесе 17,3%.
Гендерлік құрылым бойынша ер адамдардың саны басым – – 2758 (70,9%), әйелдер – 1130 (29,1%). Орталық аппаратта басқарушы қызметте 74 адам қызмет етеді, оның 32 әйел адам немесе 43,2%.
Орталық аппараттағы қызметкерлердің облыс кескінінде қарастырсақ онда 57 қызметкер (18,6%) – Ақмола облысынан, 35 (11,4%) – Қостанай облысынан, 26 (8,5%) – Қарағанды облысынан, 23 (7,5%) – Оңтүстік Қазақстан облысынан, 22 (7,2%) – Солтүстік Қазақстан облысынан, ал қалған 46,8 % қызметкер Қазақстанның басқа аймайқтарынан.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
www.minagri.gov.kz
minagripress@gmail.com
тел. +7 7172 555 765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus