Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінде өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – татулық тірегі» байқауы өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – татулық тірегі» байқауы өтті

18.09.15 ж.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында және Қазақстан халқы тілдерінің күні мен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – татулық тірегі» байқауын өткізді. Конкурсқа Министрліктің облыстық, аудандық аумақтық бөлімшелерінен, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардан 11 қызметкер қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, мемлекеттік тілде үздік іс жүргізуші мекеме, ұйымдарды, қызметкерлерді, моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу.

Қатысушылар байқау барысында «Терминдер әлемі», өз өнерін көрсету, жаңылтпаш пен мақал-мәтел айтудан жарыс, салт-дәстүрлер түрлерін білу тәрізді кезеңдер арқылы сыналды.

Қатысушылардың өнеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің, Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері баға берді.

Мереке соңында қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7(7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика