Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-де ауыл шаруашылық кооперациясы туралы заң жобасы ұсынылды

ҚР АШМ-де ауыл шаруашылық кооперациясы туралы заң жобасы ұсынылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заңнама жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» оған ілеспе құжаты кірген заңнама жобалары әзірленді.
Бүгінгі таңда республикадағы аграрлық кооперация дамымауда. Қазақстанда кооперация құрамындағы шаруа және фермерлік шаруашылықтардың үлесі 1,5 % аспайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 140 % (АҚШ – 100%, Франция – 100%, Испания – 120%, Нидерланды – 140 % – ЭЫЖҚ және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мәліметі) жетеді.
Кооперацияның даму үрдісін тежейтін негізгі себептер: коммерциялық емес формада құрылған ауыл шаруашылығы кооперацияларда пайданы үйлестіру мүмкін еместігі; ауыл шаруашылық серіктестіктерімен суды пайдаланушы ауылдық тұтыну кооперативтері үшін жеңілдетілген несиелендіру мен арнайы салық режимі түрінде мемлекеттік қолдаудың жоқтығы. Бұған қоса, кооперациялардың қызметі ашық емес, ал ішкі процедуралар артық реттелген.
Қазіргі таңда аграрлық кооперация қызметі бес заңмен регламенттелген: «Тұтыну кооперативі туралы» ҚР Заңы, «Өндiрiстiк кооператив туралы» ҚР Заңы, «Селолық тұтыну кооперациясы туралы» ҚР Заңы, «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» ҚР Заңы, «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» ҚР Заңы. Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы үш заңның күшін жойып, «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» жаңа заңында заңды және жеке тұлғалардың өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанында ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды қарастырып отыр. Құжатқа пайданы бөлу мүмкіндігі, ревизиялық одақтардың (қауымдастықтардың) кооперативтерге тексеріс жүргізу мүмкіндігі және аталған қызметтердың шығындарын субсидиялау. Бұдан басқа шектеусіз барлық аграрлық кооперативтер үшін арнайы салық режимін қолдану ұсынылып отыр.
Ауыл шаруашылығы ұйымы ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер гербицидтерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін алып, машина-трактор паркінің қызметтерін пайдаланып, өзіндік құн бойынша кооперативте өз өнімін қайта өңдеу мүмкіншілікке ие болады. Сонымен қатар, бірігу есебінен кооператив мүшелері өз табыстарын тауарлардың ірі топтамасы мен ұзақ мерзімді жеткізулерге қатысу арқылы ұлғайта алады. Ревизиялық одақтар (қауымдастықтар) кооперативтерге жыл сайынғы міндетті тексерістер жүргізетін болады.
Мұнымен бірге, ауыл шаруашылығы кооперациясы көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған. Көлеңкелі сектордың көп үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарда анықталып отыр. Мұнымен, 2013 жылы жеке қосалқы шаруашылықтар мал шаруашылығы өнімінің 75% өндірген, ал ұйымдасқан шаруашылықтар сәйкесінше – 25%. АӨК көлеңкелі экономиканы сақталуы салық заңнамасының жетілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлығы, тауарлы-логистика инфрақүрылымының дамымағандығы, бұл өз кезегінде нарықта ұсақ ойыншылар санының өсуіне және өнімнің негізсіз қымбаттауына алып келуде.
Халықаралық тәжірибеге сай ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың мәселелерін шешу ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту болып табылады. Бұл жеке қосалқы, шаруа және фермерлік шаруашылықтарды және заңды тұлғаларды аграрлық кооперативке біріктіріп, кооперативтер арқылы сауда жүйелерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ынтамақтастығын құруға негіз болмақ.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus