Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Әкімдіктермен шаруаларға субсидия бөлу кезінде жазалынған бұзушылықтар АШМ-де талқыланды

Әкімдіктермен шаруаларға субсидия бөлу кезінде жазалынған бұзушылықтар АШМ-де талқыланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидияларды бөлу кезінде заңдылықтардың сақталуы мәселесі бойынша облыс әкімшіліктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, ҚР Бас Прокуратурасының, қоғамдық ұйымдардың және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен селекторлық қеңес өтті.
Бұл кеңесте ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету ретінде мемлекет тарапынан елеулі қаражат бөлініп отырғандығы атап өтілді, оның ішінде көктемдік-далалық және егін ору жұмыстары мен берілетін несиелердің (лизингт) пайыздық мөлшерлемесін арзандату. Осы мақсатқа 2013-2014 жылдары республикалық бюджеттен 82,2 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен – 154,4 млрд. теңге бөлінген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидияларды бөлу жұмыстарымен жергілікті атқарушы органдар айналысатындығын атап кеткен жөн. Десек те, Бас прокуратурамен жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша 2013-2014 жылдары әкімшіліктер тарапынан субсидия беру кезінде бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды. Олардың ішінде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге қолдау көрсету ретінде бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері; субсидияны бөлу тәртібін бұзу; мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету кезінде кәсіпкерлердің құқығын шектеу; шешім қабылдау кезінде ведомствоаралық комиссия мүшелері тарапынан заңсыз қолдау көрсету фактілері көп таралған.
Бұзушылықтардың ең көп саны Алматы (2228), Жамбыл (662), Актөбе а (432), Қызылорда облысында (276), Атырау (168) и Павлодар (118) облыстарында анықталған.
Жалпы алғанда, заңсыз бөлінген субсидиялардың көлемі 663 млн. теңгеден астам соманы құрады, бүгінгі күнге аталған соманың 10,8 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды. Құқық қорғау органдарының қарауына 12 құжат бағытталған.
Субсидия бөлу мәселесі Министрліктің құзіретіне кірмесе де, Министрлік бұл салада тәртіп орнатуға, сонымен қатар, шаруалар уақытылы мемлекет көмегін алуына мүдделі болып отыр. Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық салада субсидия бөлу мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеуге күш салуда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидияландыру механизмдерін жетілдіру мақсатында 2014 жылдың қараша айында жаңадан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің түсімділігі мен сапасын арттыруды субсидияландыру ережелері бекітілді. Бұл ережеде дотация алушыларға арналған шарттар қайта қаралды. Мәселен, өндірілген сүттің құнын арзандатуға арналған төлдейтін мал басы 100-ден кем болмау туралы өлшем алынып тасталды.
Бұдан басқа, Энергетика министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін арзандатылған дизельді отын жеткізуші бірыңғай оператор анықталатын болады. Осыған байланысты, екі министрлік «Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдары коррупцияға қарсы стратегияны жүзеге асыру іс-шаралар жоспары» жобасына облыс бойынша жанар-жағар май көлемін бөлу және жеткізу графигі негізінде көктемдік-далалық және егін ору жұмыстарына арналған жанар-жағар майды облыстарға жеткізетін бірыңғай операторды анықтау тармақтары енгізілді.
Сонымен қатар, Министрлік тарапынан сыбайлас жемқорлықтың белгілерінің алдын-алу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенде субсидияларды беру қызметін автоматтандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жерде, 2015 жылы субсидияларды алу үшін өтінімдерді беру процедурасын электронды үкімет порталы арқылы автоматтандыру ұсынылды. Алайда, 2015 жылға ақпараттық технологияларды дамытуға бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуына байланысты Инвестиция және даму министрлігі тарапынан аталған қызметті автоматтандыру мерзімі 2017 жылға көшірілді.
Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдарға барлық мүдделі тараптармен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидияларды беру кезінде орын алған бұзушылықтарды толық жою және алдағы уақытта жол бермеу мақсатында жұмыстарды күшейту туралы ұсыным берілді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus