Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ресей Федерациясының астанасында Мәскеу және Қазақстан аймақтарының арасында ынтымақтастықты кеңейту аясында үш күндік бизнес-форум басталды

Ресей Федерациясының астанасында Мәскеу және Қазақстан аймақтарының арасында ынтымақтастықты кеңейту аясында үш күндік бизнес-форум басталды

Мәскеу қ.                                   23.01.2014 ж.

 

Ресей Федерациясының астанасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу өндірушілерінің қатысуымен Мәскеу және Қазақстан аймақтарының арасында ынтымақтастықты кеңейту аясында үш күндік бизнес-форум басталды.

Іс-шара аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі өкілдері және кәсіпкерлерден тұратын  Қазақстан делегациясы өз өнімін ұсынып, мәскеулік сауда-саттық алаңдарын, сондай-ақ потенциалды серіктестердің өндіріс базаларын аралайды.

Қазақстандық өндірушілер үшін Ресей, оның ішінде 20 миллион халқы бар Мәскеу  перспективалы нарық өтімі. Осыған байланысты форумның басты мақсаттарының бірі кәсіпкерлер арасында тікелей ынтымақтастықты жолға қою және  олардың ықпалдасуы үшін оңтайлы экономикалық режим құру.

Форум тек сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімін өткізу және өндіру саласына, сауда саласында методологиялық, консультациялық және ұйымдастыру аясында тәжіриебемен алмасуға ықпал етпек.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының тұрақты дамып жатқан секторлардың бірі. Мұнымен ауыл шаруашылы өнімінің экспортқа бағытталуы – басты міндеттердің бірі.

Соңғы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік қолдау көлемі 3 есеге өсті. Бизнестің белсенді қатысуымен әзірленген салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қолдау көлемі 4,5 есеге ұлғаймақ және 2020 жылдарға қарай шамамен 3 трлн теңгені құрайды.

2013 жылы АӨК жалпы өнім көлемі 2,5 триллион теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2001 жылы 535 млрд теңге көлемінде болды.

         Экспортың тұрақты өсуі байқалуда: соңғы 5 жыл ішінде 2 есеге ұлғайып, 2013 жылдың 10 айында 425 млн АҚШ долларына жетті. 

____________________________________________________________

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Тел. 555 765

info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus