Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ҚР АШМ-де жемқорлыққа қарсы жаппай күрес басталды

ҚР АШМ-де жемқорлыққа қарсы жаппай күрес басталды


Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі өзі ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресуді бастады. Бұдан былай, қылмысқа барған шенеунік басшысымен қоса жауапқа тартылады. Өйткені қол астындағы қызметкерінің заңды аттауына оның немқұрайлығы себеп. Басшы қызметкеріне оңай ақша үшін қалай жазаланатынын айтуы тиіс. Ал егер пара алу дерегі белгілі болса, онда олар барша ұжымға жариялануы тиіс. Ол басқа қызметкерлерге де сабақ болады. Жемқорлықпен күресудің осы жолдарын бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев қызметкерлермен кездесуінде мәлімдеді. Бірақ жоғары лауазымды шенеунік бұл жолы жұмыс барысымен қатар министрліктегі бірнеше бөлімнің басшысын қатаң сынға алды. Оған себеп те бар. Жыл басталысымен ведомство Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарындағы мал дәрігерлік инспекциясында бірнеше жемқорлық дерегін тіркеген. Арман Евниев, ҚР АШМ жауапты хатшысы -Неге БҚО-дағы мал дәрігерлік инспекциясының басшысы жазаланбаған? Қараңыздар, БҚО бойынша өткен жылы 14 заңбұзушылық орын алған. 1 ғана мал дәрігерлік комитетінде 14 рет заң бұзылған. Ол жерде жағдай ушығып тұр.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus