Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының жалпы жиналысы өткізілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының жалпы жиналысы өткізілді

29.06.2013ж. Астана қаласы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде республикамыздың ауыл шаруашылығы ғылымдарының жалпы жиналысы өткізіліп, онда еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың проблемалары, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығының қазіргі жай-күйі мен дамыту перспективалары талқыланды. Бұл басқосуға Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Президенті академик Ғани Қалиев, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ға қарасты ғылыми-зерттеу институттарының бірінші басшылары мен ғалымдары, «ҚазАгро» ҰБХ, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің өкілдері және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Жиналысқа қатысушылар мал шаруашылығы өнімін өндіру мен тұтынудың реформаға дейінгі деңгейіне жетуге кедергі болып отырған проблемалық негізгі мәселелерді атап көрсетті.

Атап айтқанда, өндірістің ұсақ тауарлы болуы; жемшөп өндіру саласының дамытылмай отырғаны; ветеринариялық қызмет көрсетуде мемлекеттік жүйе болмауы; мал шаруашылығының білікті мамандары жетіспеуі; осы саланың жеткілікті қаржыландырылмауы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы кеңес қорытындысында, ауыл шаруашылығы кооперациясын (АШК) дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» бірыңғай заң қабылдауды; кооперативтік секторды тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қорғау үшін АШК дамыту бағдарламасын әзірлеп бекітуді; кооперативтерге қаржылық, ұйымдық, өндірістік тұрғылардан көмек көрсете алатын АШК дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді; АШК құрудың құқықтық және экономикалық талаптарын бақылайтын Үйлестіру кеңесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретін Банк ашуды; негізгі және айналымдағы қорларды сатып алу, кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздар төлеудің шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мемлекеттік субсидиялар бөлуді ұсынды.

Мал шаруашылығын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және дамыту саласында ғалымдар репродукторлық база құру үшін бейімделген малдың жергілікті тұқымдарын барынша пайдалануға күш-жігерін бағыттай білуі қажет. Елді мекендерден қашықта орналасқандықтан, сүт өндіру ұтымды болмай отырған шаруашылықтардың бағытын қайта қарау қажет.

Сүт бағытындағы мал шаруашылығында селекциялық-мал тұқымын асылдандыру жұмысында зерттеулерді малдың жаңа тұрпаттарын ұлғайтуға, асыл тұқымды мал басын 16-20 пайызға дейін өсіру есебінен сүт бағытындағы мал табындарының сапасын жақсартуға және сиырдың өнімділігі жоғары топтарын қалыптастыру кезінде әлемдік ген қорын ұтымды пайдалануға және бұқалардың зауыттық аталық іздерін шығаруға бағыттау қажет.

Аграрлық ғылымға қой етін өндірудің және биязы жүн өндірудің қарқынды жүйелерін әзірлеу; 2020 жылға дейін биязы жүнді қой санын 20 пайызға ұлғайту; республикамыздағы бүкіл қойдың санын тұқымдар бойынша қайта санақтан өткізу; саланы ғылыми және шопан кадрлармен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеп іске асыру жүктелді.

Бұл шаралар ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығы саласын дамытуға, еттің экспорттық әлеуетін арттыруға маңызды серпін бермек.

Іс-шараның соңында жалпы дауысқа салу қорытындысы бойынша ҚР АШҒА-ның тұрақты мүшелері (академиктер) мен корреспондент-мүшелері сайланды.

«ҚазАгроИнновация» АҚ

баспасөз қызметі

8(7172) 485353

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus