Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағы талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағы талқыланды

19.06.2013 ж. Астана қ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен агробизнес өкілдері қатысты.
Вице-министр Гүлмира Исаева өз баяндамасында мал шаруашылығы саласындағы негізгі мәселелерді айқындап, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ,мал шаруашылығы, оның ішінде сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығы, тауарлық балық шаруашылығы, қой, жылқы, шошқа, құс шаруашылықтары салаларының дамуы бойынша Министрлікпен әзірленген шеберлік-жоспарлар көрсетілді. Аталмыш шеберлік-жоспарлар «Агробизнес 2020» салалық бағдарламасы шеңберінде жоспарланған шаралардың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған қоса, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Мереке Тайтубаев еліміздегі эпизоотикалық жағдайы жөнінде баяндама жасады. Атап айтқанда, халықтың азық-түлік және эпизоотикалық қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан ветеринарлық-санитарлық шаралардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.
Жалпы соңғы жылдары мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен бірқатар шаралардың жүзеге асуының нәтижесінде агроқұрылымдардағы мал басының саны (ет – 10 % артық, сүт – 11 %, жұмыртқа – 13 %) мен мал шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемі (ІҚМ – 17 %, қой – 4 %, жылқы – 10 % артық) сияқты мал басының тұрақты өсімі байқалуда.
Мұнымен қоса, мал шаруашылығында көптеген шешілмеген мәселелер әлі бар: өндірістің ұсақ тауарлығы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар деңгейінің, сондай-ақ азықтың және материалдық-техникалық базаның төмендігі. Осы мәселелер саланың дамуын тежеп, жедел шара қабылдауды қажет етеді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+ 7 (7172) 555 -765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus