Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінде етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері бойынша бизнес өкілдерінің, қылыми қызметкерлердің, қаржыландыру ұйымдары мен республикалық палаталар өкілдерінің қатысуымен брифинг болып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылдың 12 қаңтарда өткен жиналыста экспорттық әлеуетті дамыту бойынша міндеттер қойған.

“Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту” жобасын іске асыру жөні туралы және қол жеткізген нәтижелерді ҚР АШМ Вице-министрі Исаева Г.С баяндады.

 Сиыр еті өндірісінің технологиясына сәйкес нәтижеге қол жеткізу үшін кем дегенде жобанын басталуынан 4 жыл уақыт қажет. Айталық, әкелінген қашарлар төлді тек 9 ай буаздық кезеңінен соң береді. Әрі қарай бұқашықтарды жас-жыныстық жетілу жастарына  жеткізіп, тауарлық табында қолдану үшін 18 ай қажет. Жыныстық жетілген бұқашықтар (2010 ж әкелінген малдардың төлдері) тұқымдық түрлендіруге қатысу үшін тауарлық табындарға 2012 жылы түсе бастады. Оларды жергілікті сиырлармен шағылыстырудан тауарлық табында 9 айдан соң өнімділік қасиеттері жақсартылған жас төл алынды. Алынған төл жайылымдарда «сиыр-бұзау» технологиясы бойынша 8 айдан 15 ай аралығына дейін өсіріледі. Нәтижесінде сиыр етін өндіру кезеңі 4 жылды құрайды.

Жоба 2010 ж. бастау алып, барлық бағыттар бойынша 2012 жылдан бері жұмыстар жүргізілуде, сәйкесінше алғашқы нәтижелері 2014-2015 ж.ж күтілуде.

Қазіргі таңда премиум жоғары сапалы сиыр еті экспортталып басталды. Экспорт көлемі аз болсада, сапасы анағұрлым жақсарған. Қазір біз экспортқа жоғары дәмдік қасиеттеріімен ерекшеленетін, премиум классты мәрмәрлі сиыр етін шығарамыз. Бұл ет, мейрамханалар мен супермаркеттерде, ет нарығында жоғары сұранысқа тудырып басқа бағаға ие болуда.

2013 ж. 25 қарашадағы мәліметтер бойынша барлығы 3877 т ет және ет өнімдері экспортталып, соныің ішінде 155 т сиыр еті құрап отыр.

Тек Кроун Батыс (БҚО) бордақылау алыңынан Ресейге 148 т мәрмәрлі ет жіберіліп, жыл соңына дейін 500 т жіберу жоспарлап отыр.

«Agro Export LTD» ЖШС ағымдағы жылы 300 т ет және ет өнімдерін экспорттауды жоспарлауда. «Астана Агропродукт» ЖШС (Ақмола облысы) бордақылау алаңы «METRO Cash & Carry» жете сертификациялау талаптарына сай деп мойындалып, соның ішінде ХАССП және еуропалық стандарттарға сәйкес деп танылған.

Кедендік одақ елдеріне ет өнімдерін экспорттауда кездесетін мәселелерді айта кету керек, КО елдері ішінде шекара болмағандықтан, декларация қажет емес, ҚҚС бойынша айырмашылығы бар (РФ-18%, ҚР-12%). Қазіргі уақытта есептеуді реттеудің мәселелері бойынша Кедендік бақылау комитеті, статистика Агенттігі және салық комитетімен жұмыстар жасалуда.

Аңықтама үшін: Жоба аясында инфрақұрылымы дамыған 71,2 мың басқа арналған бордақылау алаңдары салынды.

Жоба аясында 2010 ж.бастап 40,1 мың бас асыл тұқымды ірі қара малы әкелінген.

Соңғы үш жылда фермерлік шаруашылықтардағы малдың үлесі 12% – дан 22% – ға дейін өсіп отыр. Тұқымдық түрлендіруге фермерлік шаруашылықтардың 383,3 мың.бастан астам аналық малдары тартылды, соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 162,8 мың бас мал алынған. «Сыбаға» арнайы дайындалған жеңілдік пен несиелендіру бағдарламасы, фермерге кепілдік ретінде сатып алынған малды қоя отырып қарапайым жүйемен несие алуға мүмкіндік береді.

 «Қазагроөнім» АҚ-нан Дауылбаев О.Д. мемлекет тарапынан елдің эпизоотииялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қолға алынғанын атап өтті. Ветеринариялық қызметті жаңғырту бірінші нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: БК РАШҚ екі облыс бойынша (Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары) шектеуді алып тастады, бұл өз кезегінде Кедендік одақ елдеріне аталған аймақтардан етті жеткізуге мүмкіндік береді. 2013 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет буферлі аймақтарда (оңтүстік 4 облыстар және Шығыс Қазақстан) тазартылған вакцинаны қолдану басталды, құрылымы жоқ белоктардың мониторингін жүргізу екі жыл ішінде ХЭБ тарапынан аусыл ауруынан таза аймақ статусын алуға мүмкіндік береді. Мал есебін жүргізу әдістемесіне өзгертулер енгізілді, малды бірдейлендірудің екінші кезеңі жүзеге асырылуда, бірдейлендіру бағдарламасының пилоттық жобасы іске қосылды, ветеринариялық анықтама мен ветеринариялық сертификатты беру рәсімі оңтайландырылды, экспортталатын өнімге ветеринариялық рұқсатты берудің электронды жүйесі (2012 жылдан бастап) қосылып кедендік одақ аумағында өнімнің тасымалдануын қадағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жайылымды мал шаруашылығын дамыту және шалғайдағы жайылымдарды суландыру арқылы оларды мал бағу үшін қолдану қолдану механизмдері әзірленген. Жайылым инфрақұрылымын дамытуға – жел қондырғылары, күн сәулелі батареялар, су насостары және автосуарғыштарды сатып алға инвестициялық субсидия бөлінуде.

«КазАгроӨнім» АҚ төрайымы Ахмеджанова А.Т жүзеге асырылып жатқан жобаның технологиялық құрылымы туралы толық мәлімдеме жасады. Жобаның негізгі болып тұқымдық түрлендіру – малды өсіріп-өндіруде асыл тұқымды аталық бұқаларды табында пайдалану арқылы тұқымсыз малдардың өнімділік қасиеттерін арттыру аталып өтілді. «Сыбаға» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына қатысушы фермерлік шаруашылықтар мысалында тұқымдық түрлендірудің артықшылықтары көрсетіліді.

Репродуктор – шаруашылықтар етті мал шаруашылығы дамыған елдерден (АҚШ, Канада, Австралия) әкелінген етті бағыттағы жоғары өнімід малдарды өсіріп-өндірумен және әрі қарай жоғары сапалы аталық-бұқаларды фермерлік шаруашылықтарға таратумен айналысады. Алғашқы рет құрылған республикалық палаталар (отандық – қазақтың ақбас тұқымы, әулиекөл және әлемдік көшбасшы тұқымдар – герефорд, абердин-ангус) шаруашылықтардағы әрдайым жүргізіліп отырған етті тұқымды ірі қара малдардын өнімділік қасиеттерін жақсартуға бағытталған селекциялық – асыл тұқымдық жұмыстарды реттеп отырады.

Сиыр етін өндірудің барлық технологиялық тізбесін дамытуға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары бағытталған: бұл асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алуға субсидиялар, ірі және шырынды азықтарды даярлауға субсидиялар, аналық басқа субсидиялар, асыл тұқымдық селекциялық жұмыс жүргізуге фермерлік шаруашылықтарды субсидиялау және т.б.

Бизнес өкілдері С. Қабитханұлы, Н. Сағналин және Ж. Киас өздерінің мал шаруашылығын ұйымдастырудағы тәжірбиелері мен етті экспорттау бойынша жоспарлары және алғашқы нәтижелерімен бөлісті.

Экспортқа бағытталған жоғары сапалы етті, негізінен «мәрмәрлы» сиыр етін өндіру үшін арналған бордақылау алаңдарының мысалы ретінде Батыс Қазақстандағы «Crown Батыс» ЖШС болып табылады. 8,6 мың орынға арналған бордақылау алаңы 2010 жылы Батыс Қазақстан аумағында салынған. Ағымдағы жылда 113 тонна премиум-класстық қазақстандық ет Ресейге экспортталған,ал жыл соңына дейін 500 тонна жөнелтілмек.

Ақмола облысында 2500 мал орнына арналған «Agro Export LTD» бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ет өнімдері республикамыздың орталық және батыс аймақтарына жеткізілуде. Өндіріс «METRO Cash & Carry» жете сертификациялау талаптарына, соның ішінде ХАССП және еуропалық стандарттарға сәйкес деп танылды. Биыл кәсіпорын ірі халықаралық сауда жүйесі «METRO Cash & Carry Россия» АҚБ-мен 300 т мұздатылған ет жеткізуге келісім-шартқа отырды.

Ақтөбе облысында ағымдағы жылы «Ақтеп» ЖШС-де жалпы қуаттылығы 10,0 мың басқа арналған бордақылау аланының екінші легі тапсырысқа берілді. Қазіргі таңда бордақылауда 8,0 мың бас ұсталуда. Азық дайындау бойынша серіктестік жүйелері құрылды. Мал шаруашылығы өндірісі кешенінің қуаттылығын 44,0 мың басқа дейін арттыруға перспективалық жоспарлар бар.

 

Баспасөз қызметі

Байланыс тел. +7 (7172)55-57-65

info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus