Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Парламент Мәжілісінде мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағы талқыланды

ҚР Парламент Мәжілісінде мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағы талқыланды

21.06.2013 ж. Астана қ.

Мәжілісте мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағына арналған парламенттік тыңдаулар өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өз баяндамасында мал шаруашылығы саласындағы негізгі мәселелерді айқындап, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтып өтті.
Жалпы соңғы жылдары мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен бірқатар шаралардың жүзеге асуының нәтижесінде агроқұрылымдардағы мал басының саны (ет – 10 % артық, сүт – 11 %, жұмыртқа – 13 %) мен мал шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемі (ІҚМ – 17 %, қой – 4 %, жылқы – 10 % артық) сияқты мал басының тұрақты өсімі байқалуда.
«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде фермерлік шаруашылықтар үшін 2011-2012 жылдары 82,0 мың бас жоспармен 115,0 мың аналық бас алынды. Осы ретте аталмыш бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат және жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда малды сатып алу сұранысы артып отыр. Бұл бағдарламаға деген сұраныстың жоғары екеніне айқын дәлел. «Сыбаға» бағдарламасының жүзеге асу мониторингісін және жобаның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында www.sybaga.kz ақпараттық ресурсы ашылды.
Сондай-ақ, Асылжан Мамытбеков еліміздегі ветеринарлық саланың жағдайы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, халықтың азық-түлік және эпизоотикалық қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан ветеринарлық-санитарлық шаралардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөнінде.
«Агробизнес 2020» салалық бағдарламасы шеңберінде жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында мал шаруашылығы, оның ішінде сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығы, тауарлық балық шаруашылығы, қой, жылқы, шошқа, құс шаруашылықтары салаларының дамуы бойынша Министрлікпен шеберлік-жоспарлар әзірленді.
Осы ретте, заңнамалық реттеу мәселесінде депутаттар тарапынан қолдау көрсетілген жағдайда, агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша межеленген шараларды орындау әбден мүмкін екендігін Министр атап өтті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+ 7 (7172) 555 -765
info_mcx@mail.ru

Слайды

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus