Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды

main10671129_f0e10828a8a358c3655ca9fee8969f98Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында Шиелі-Иіркөл тас жолында «Мitsubishi» автокөлігін басқарған Қызылорда облысының тұрғынын тоқтатты.
Көлікті тексеру барысында 33 кг балық (ақ амур – 29 кг, дөңмаңдай – 4 кг), 1 резеңке қайық, 3 аккумулятормен қармақ анықталып, тәркіленді.
Сондай-ақ, Сырдария өзенінде Қызылорда облысының тұрғынынан 4 спиннинг және 3,5 кг қызыл кітапқа енген арал қаязы анықталып, алынған.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus