Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қызылорда облысында екінші үрлемелі бөгет іске қосылды

Қызылорда облысында екінші үрлемелі бөгет іске қосылды

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Сырдария өзенінде үрлемелі екінші бөгет іске қосылуда. Нысан Қызылорда облысының аумағында орналасқан.
Екі үрлемелі бөгеттің бірегейлігі бойынша ТМД-да ұқсасы жоқ (бірінші бөгет Сырдария өзенінің арнасында 2013 жылдың қараша айында салынған), талап етілген уақытта және қажетті көлемде Қызылорда облысының фермерлерін суармалы сумен 100 пайызды қамтамасыз ету үшін жақсы шешім болды.
Жыл сайын өңірдің фермерлері суармалы суға байланысты қиыншылықтарды бастан өткерді, атап айтқанда шілде-тамыз айларында – вегетацияның нағыз қызған шағында, себебі Көксарай контрреттегіші мен өзеннің жоғарғы ағысында орналасқан Шардары су қоймасында жиналған су ағыс бойынша төмен өткізілген, бірақ тәртіп бойынша, шілде айының соңында Сырдариядағы су деңгейі төмендеді және каналдар бойынша су талап етілген нормативтік көлемдерден аз келген. Сәйкесінше, өңірде өсірілетін күріш дақылы талап етілген ылғалды алмаған.
Қр АШМ Су ресурстары комитетімен ұсынылған технологияның арқасында екінші үрлемелі бөгетті салу бойынша жұмыстары рекордттық қысқа мерзімде – 7 айда аяқталды. Жобаға сәйкес жазғы уақытта және қысқы уақыттағы – суық күндері каналдарда судың келу есебімен үрлемелі бөгетті салу 3 жыл бойына созылуы мүмкін.
Айта кету қажет, үрлемелі бөгет үнемдеу жағдайында – қаржыландыру ашылғанға дейін, «Қазсушар» РМК инвестицияларын тарту есебінен салынған, нысанның нақты құны 800 млн.теңгені құрады, жобалау құны 1,6 млрд.теңге сомадан асты.
Есіңізге саламыз, Сырдария өзенінің арнасындағы бірінші үрлемелі бөгет Жаңақорған ауданындағы суармалы судың талап етілген деңгейін өсіру үшін 2013 жылғы қараша айында жабдықталған. Екінші үрлемелі бөгет Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы суармалы алқаптар үшін суармалы судың талап етілген деңгейін ұлғайту үшін Сырдария өзенінің арнасында салынған.
Айта кетейік, бұрын су тапшы жылдары Шардара су қоймасынан және Көксарай су реттегішінен келетін судың мөлшері 600-750 м3/с болып өткізілетін, үрлемелі бөгеттер құрылымдарының арқасында 450-500 м3/с судың өткізетін болады, ол жылына 1 млрд. м3 жуық су көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген суды жайылымдарды суландыруға, аймақтағы экожүйелерін қуаттандыруға, және 50-60 мың га дейін жаңа, мысалы мал шаруашылығына қажетті жем-шөпті өсіретін, суармалы жерлерді іске қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қызылорда облысының аумағындағы Сырдария өзенінде резеңке дамбаларын салу бойынша жобалар өңірдегі ауыл шаруашылығы жағдайын жақсартып қана қоймай, жалпы халықтың тіршілік деңгейі мен экономикаға да әсер етеді.
Анықтама: Қызылорда облысында 1991 жылға дейін 285 мың гектар суармалы жер егіс айналымында есепте болды, оның 220 мың гектары инженерлік су тарату жүйесіне келтірілген болатын. Ал қазіргі уақытта суармалы жер көлемі 225 мың га, оның 175 мың га инженерлік жүйеде, 60 мың гектардан астам жер түрлі себептермен егіс айналымынан шығып қалған. Облыс көлемінде егілетін күріш дақылының 25% Жаңақорған және Шиелі аудандарында орналасқан. Жаңақорған ауданындағы Түгіскен алқабын (30 мың га) Келінтөбе магистралды каналы арқылы, ал Шиелі ауданындағы Жаңақорған–Шиелі суармалы алқабын (28 мың га) Жаңа-Шиелі, Сунақата, Қамыстықақ магистралды каналдар арқылы суландырылады. Алайда, соңғы жылдары Сырдарияда вегетация кезеңінде су деңгейін төмендетуге байланысты екі аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы каналдарда суару үшін судың жетіспеуі туралы үнемі толғандырды.

ҚР АШМ СРК баспасөз қызметі
тел.: 8 (7172) 51-83-61
8-707-227-44-37

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus