Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қызылорда облысында Республикалық «АгроФорум – 2013» өтті

Қызылорда облысында Республикалық «АгроФорум – 2013» өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков «АгроФорум – 2013» конференциясына қатысты. Сондай-ақ, шараға «ҚазАгроИнновация» АҚ және т.б. ғылыми ұйымдардың ғалымдары, «ҚазАгро» ҰБХ өкілдері және қаржылық институттар мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Форумның мақсаты — Қызылорда облысының аграрлық өнеркәсіп кешенінің қазіргі жай-күйін көпшілікке көрсету, ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялардың тұсауын кесу, экономиканың негізгі саласы ретінде ауыл шаруашылығының жаңғыртылған және инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал ету, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті сан алуан өнім түрлерін ұсыну.
Кеңес барысында аграрлық өнеркәсіп кешенін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етудің, кредит берудің, ауыл шаруашылығы техникасын, минералдық тыңайытқыштарды, пестицидтерді және т.б. жеткізіп беру мәселелері талқыланды. Қызылорда облысының агроқұрылымдарын қатыстыра отырып, әртүрлі май өнімдерін өндіру, жемшөп өндіру жұмыстарының қазіргі ахуалына айрықша назар аударылды.
Форум бағдарламасының ауқымы кең, мұнда бизнес саласындағы пікірлесу, тұсаукесер, дөңгелек үстел сияқты нысанда шаралар қамтылып көкейтесті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді және келешектегі кезеңге арнап маңызды бағыттар айқындалды. Сондай-ақ осы конференцияда «ҚазАгроИнновация» АҚ ғалымдары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында пікір алмасу үшін қолайлы да, нәтижелі шаралар ұйымдастырылды.

Анықтама үшін: «Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету» деген тақырыпта мынадай ғылыми қызметкерлер баяндамалар жасады:
• Омбаев А.М. – «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС Бас директоры, «Қызылорда облысында мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету»;
• Кененбаев С.Б. – «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бас директоры, «ҚазЕӨ ҒЗИ-дің Қызылорда облысы ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға арналған ғылыми әзірлемелері»;
• Сапаров А.С. – «Ө.Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия өндірісі ҒЗИ» ЖШС Бас директоры, «Қызылорда облысының топырақ құрамының қазіргі уақыттағы жай-күйі және Сырдария өзенінің аңғарында оларды пайдалану тәсілдері»;
• Айтбаев Т.Е. – «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бас директоры, «Қызылорда облысының шаруа қожалықтарындағы картоп пен көкөністің отандық сорттары;
• Әлібаев Н.Н. –«Қазақ мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бас директорының орынбасары, «Мал шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері»;
• Балғабаев Н.Н. –«Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бас директоры, «Күріштің ауыспалы егісінде күрішті және қосалқы дақылдарды суарудың су үнемдейтін технологиялары».

«КазАгроИнновация» АҚ
Баспасөз қызметі
8(7172) 485353

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus