Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қызылорда облысында 7 шаруашылық асыл тұқымды түйе өсірумен айналысады

Қызылорда облысында 7 шаруашылық асыл тұқымды түйе өсірумен айналысады

Қызылорда облысында 7 шаруашылық асыл тұқымды түйе өсірумен айналысады, деп хабарлады Bnews.kz тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Баймұрат Жақсыбаев.

«Ағымдағы жылдың бірінші шілдесіндегі статистикалық мәліметтер бойынша, облыста 36 мың 178 бас түйе бар, – деді ол. – Жыл сайынғы өсім мыңға жуықтайды. Ең көп түйе облыстың солтүстік Арал ауданында өсіріледі. Онда түйе өсіруге климаттық жағдайлар қолайлы болып келеді. Қазіргі таңда Арал ауданының фермалары мен тұрғындарында барлығы 20 мыңнан астам түйе бар».

Аймақта республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланылады. Сондай-ақ, өңірдегі түйелер қатаң бақылауда.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus