Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қостанай облысында қырылған киіктердің саны 10 мыңға жетті

Қостанай облысында қырылған киіктердің саны 10 мыңға жетті


Қостанай облысында қырылған киіктердің саны 10 мыңға жетті. Өлекселердің шашылған аумағы 16 мың гектардан асып кеткен. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. Демалыс күндері аймаққа Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы барды.

Киіктердің қырылу аумағы әуеден барлануда. Жануарлардың қырылу себептерін анықтау мен оқыс жағдайдың салдарын жоюға қатысты шаралар қабылдау мақсатында арнайы жиын өткізілді. АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ақпарына сай, киіктердің қырылуына пастереллез ауруы себеп болуы мүмкін. Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына министрліктің аумақтық бөлімшелері мен әкімдік қызметкерлері қатысуда. Бүгінде 5 жарым мыңға тарта киік жойылды. Алайда, жұмысты жылдам жүргізуге дауыл мен жауын кедергі келтіріп отыр. Киіктердің өлекселерін жинау және жою шараларына барлығы 458 адам мен 21 бірлік арнайы техника қатысты.

Қайырбек Мұсабаев, ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитеті басқарма басшысы:

Қазіргі уақытта 5 300 бас көмілді. Соңғы мәлімет бойынша, жексенбі күнгі, 10 мың бас киіктің өлгені анықталды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus