Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында егін жинау науқаны басталды

Қостанай облысында егін жинау науқаны басталды

ҚОСТАНАЙ. 21 тамыз. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жаңа егіннің астығын жинау науқаны басталғаны ресми жария етілді.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов басталған далалық жұмыстарды «оруды байқап көру» деп сипаттады: астық ору облыстың оңтүстік аудандарында шағын учаскелерде басталды. Дегенмен бүгінгі күні шамамен 15 мың гектар алқаптың егіні жиналып алынды. Егін орағын жаппай бастау 25 тамызға белгіленген.

Өткен жылмен салыстырғанда орақ науқаны кешігіп басталды. 2012 жылы тамыздың үшінші онкүндігіне қарай қостанайлық диқандар 1 миллион гектардан астам алқаптың астығын жинап алған болатын. Биылғы жылы жұмысты бастауға жауынды ауа райы кедергі жасады. Сондықтан да жаңа егін ылғалды, кей жерлерде әлі піспеген, арамшөп көп Жаңа егіннің астығын жинауда түрлі күрделі жағдайлар туындап отырғандықтан, диқандар уақыттан ұту қажет, деп санайды Н.Сәдуақасов. Егін орағын шаңшаңырақ жүргізуге екпін беру қажет, деді ол.

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2583667

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus