Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында үйірлі шегірткеге қарсы 1,5 млн. га жерде химиялық өңдеу жүргізілмек

Қостанай облысында үйірлі шегірткеге қарсы 1,5 млн. га жерде химиялық өңдеу жүргізілмек

c31191cdd7e9430b23b51166e7a
2015 жылы Қостанай облысында 2,4 млн. га жерде химиялық өңдеу жүргізілмек. Оның 1,5 млн. гектары үйірлі шегірткелерге қарсы өңделмек.
Қостанай облысы Таран ауылында өткен агрономиялық семинарға қатысушылардың айтуынша үйірлі шегірткелерге қарсы күрес тоғызыншы жыл қатар жалғасуда. Шегірткелердің санының өсуі облыста 2006 жылдан бастап байқалып келеді. Бұл уақыттан бастап химиялық өңделетін аумақ жыл сайын өсуде.
2007 жылы Қостанай облысында өңделетін аумақ – 175 мың.га құрады, 2008 жылы – 295 мың.га, 2009 жылы – 417 мың.га, 2010 жылы – 487 мың.га, 2011 жылы – 457 мың.га. Осы уақыт бойы өңдеулер зиянкестердің шоғырланған бірнеше оңтүстік аудандарда жүргізілді.
2012-2013 жылдары шекаралас тұрған Орынбор облысы (РФ) және Ақтөбе облысы аумақтарынан итальяндық прустың жаппай қоныстану есесінен өңдеу көлемі 590 мың гектарға дейін ұлғайды. Итальяндық прус облыстың тоғыз ауданында анықталды.
Қостанай облысында 2014 жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер 2,8 млн.га өтті, оның 1,7 млн. гектары шегірткемен залалданған. Өткен жылы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары ресейлік әріптестерімен бірлесе Ресей Федерациясымен шекаралас Қостанай облысының шамамен 39 мың га жерін тексерген. Осы тексерулердің нәтижесінде шегірткелердің шоғырланған 18,4 мың.гектар жері анықталды.
Бүгінде ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аса қауіпті зиянды организмдерге және ауылшаруашылық дақылдары ауруларына қарсы химиялық өндеулер бойынша пестицидтерді сатып алу тендері жүргізіп жатыр. Алқаптарды өңдеу үшін «Титул Дуо» фунгицидтері сатып алынды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus