Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағына Ресей аумағынан шегірткенің ұшып-қонуы байқалуда

Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағына Ресей аумағынан шегірткенің ұшып-қонуы байқалуда

Қазақстандық өсімдіктерді қорғау қызметі мамандары Ресей Федерациясы аумағынан үйірлі шегірткелердің (итальяндық прус) ұшып-қонуын анықтады. 2014 жылғы маусым айының соңынан шілде айының басында Орынбор облысының шекаралас Светлинский, Ясенский, Домбаровский аудандарынан Ақтөбе облысының Айтеке би ауданының аумағына және Қостанай облысының Қамысты ауданының аумағына шегірткенің ұшып-қонуы байқалуда. Сондай-ақ Челябі облысының Варнинский ауданының тұсынан Қазақстан аумағына шегіртке тектес зиянкестердің өту фактілері тіркелді.
Шекаралас аумақтарда үйірлі шегірткелердің таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі химиялық өңдеулерді жүргізу үшін 440,0 мың гектарға қосымша препараттарды бөлді. Оның 400,0 мың гектары Қостанай облысында және 40,0 мың гектары Ақтөбе облысында жоспардан тыс өңдеу жүргізілетін болады.
2014 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Ресеймен шекараласатын үш аймақтарда (Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында) 2,7 млн.га аумақта өңдеу жүргізілді. Оған қоса италияндық прусқа қарсы алаңдарды зерттеу және химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Шегіртке тектес зиянкестермен күресу үшін бүріккіш техникалардың 198 бірлігі жұмылдырылған: (37) аэрозольдік генераторлар, (36) аса жеңіл авиация және ұшақтар және (125) жер үсті бүріккіштер.
Бүгін республика бойынша барлығы 12,4 млн.га алаң тексерілді, оның жоспарланған 4,0 млн.га алаңның 3,8 мың гектары өңделді. Марокко шегірткесіне қарсы өңдеулер толығымен аяқталды, сондай-ақ азиа шегірткесіне қарсы алаңдарды өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша Ресейдің шекаралас аудандарында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық іс-шаралар төменгі қарқынмен жүргізілуде, ал жекелеген аудардарда мүлдем жүргізілмеуде.
«Егер ресейліктер химиялық өңдеулерді одан әрі кешеуілдетсе, бұл шегірткелердің қазақстан аумағына қайтадан ұшып келуіне әкеп соғуы мүмкін және ауыл шаруашылығы дақылдары мен алқаптарына елеулі зиян келтіреді», деп хабарлады ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
Қазақстан мен Ресей арасында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Осыған ұқсас келісімдер Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қытай Халық Республикасы, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрліктері арасында қолданыста бар.
Осы келісімдерге сәйкес жыл сайын біздің елдердің мамандары шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестерді анықтау жөніндегі бірлескен тексерулерді жүргізеді. Оған қоса, шегіртке тектес зиянкестермен күрес жөніндегі бірлескен жұмыс топтарының отырыстары өткізіледі, осылардың қорытындысында тараптар шекаралас аудандарда шегірткелердің дамуы мен таралуы, тексерулерді және өңдеулерді жүргізу мерзімдері және келесі жылы зиянкестерді дамуын болжамдау туралы ақпараттар ұсынады.
ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus