Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы өзгерді

Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы өзгерді

2016061815202182325_20160506174023
Жер реформасы жөніндегі комиссия екі аптада бір рет жиналатын болды. Және бұл топтың жұмысына енді Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық етеді.

Ал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін соңғы жиналысын өткізіп, комиссия мүшелеріне алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Бақытжан Әбдірұлы қоғамды алаңдатқан мәселелер төңірегінде пікір алмасуда мұндай алаңдарының маңыздылығы жоғары екенін айтты.

Бүгін Алматы облысында бес сағат бойы кеңескен комиссия мүшелері жер мәселесінен өзге тіл, дін, ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті іс-шаралар кешені қандай болу керектігін қозғады.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/58193-zher-reformasy-zh-nindegi-komissiyany-t-ra-asy-zgerdi

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus