Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

Баспасөз хабарламасы

1.06.16 ж.                                                                                Астана қ.

Жыл сайын мамыр айында су жағалауларының аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі.

Осы жылы акцияға орта-арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, су айдындарын жалдаушылар қатысты.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша республиканың су айдындарынан 110 км астам қараусыз желілер табылып, 552 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар алынды. Салыстыру үшін 2015 жылы 128,8 км желі қағып алынған болатын және 3850 тонна қоқыс тасып әкетілді.

ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі комитеті акция қорытындысы бойынша акцияға қатысушыларды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттамақ.

Анықтама:
Согласно приказу Министра сельского хозяйства РК от 16 января 2015 года рыболовство осуществляется сетями любой модификации, кроме сетей произведенных из синтетических нейлоновых или прочих полиамидных мононитей с диаметром нитей менее 0,5 миллиметров и размерами ячеи менее 100 миллиметров (размер конструктивного шага ячеи менее 50 миллиметров).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес балық аулау жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллимерден кем емес (торының  конструктивтік адымы 50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен басқа балық аулау құралдары рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, осы желілер 2015 жылғы сәуірде Еуразия Экономикалық Комиссиясы шешімімен Кеден Одағы аумағындағы тасымалдауға тыйым салынған тауарлардың тізбесіне қосылған болатын.   

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+ 7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus