Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

Жыл сайын мамыр айында су жағалауларының аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі, деп ҚРауыл шаруашылық минитсрлігінде хабарлайды.

Осы жылы акцияға орта-арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, су айдындарын жалдаушылар қатысты.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша республиканың су айдындарынан 110 км астам қараусыз желілер табылып, 552 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар алынды. Салыстыру үшін 2015 жылы

128,8 км желі қағып алынған болатын және 3850 тонна қоқыс тасып әкетілді.

ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі комитеті акция қорытындысы бойынша акцияға қатысушыларды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттамақ.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес балық аулау жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллимерден кем емес (торының конструктивтік адымы 50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен басқа балық аулау құралдары рұқсат етіледі.

Источник: https://strategy2050.kz/news/35687

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus