Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ақмола облысында егін егу науқаны аяқталуда

Ақмола облысында егін егу науқаны аяқталуда


Алқаптарда болып жатқан жұмыспен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров танысты. «Октябрьский» қожалығы күннің қолайсыздығына қарамастан жұмыстарын толық бітіріп тастаған. 10 мың гектар жерге дән себу жұмыстарын бас аяғы бір жарым аптада аяқтапты. «Барлығы мемлкет көрсетіп отырған көмек пен мықты техниканың арқасында. Бастысы тәуекелге бара білу керек»,- дейді шаруа қожасы. 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,5 миллион гектар жерге егу жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 71 мың гектарға көп. Дәнді-дақылдар 15,2 миллион гектарға, оның ішінде 2,2 миллион гектар – майлы дақылдар, 3,7 миллион гектар – азықтық дақылдары және 413,6 мың гектар көкөніс дақылдары мен картоп. Осыншама өнім алу үшін, шаруаларға көмек ретінде «Егінжай» лизингтік бағдарламасы қызмет етуде. Бағдарлама арзандатылған сыйақы мөлшерлемесі мен алдын ала төлемсіз жеңілдікпен техника алуға мүмкіндік береді.

Источник: http://q99.it/I7Rh6fp

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus