Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда жазғы дақылдар 353 мың га алқапқа себілді

Қазақстанда жазғы дақылдар 353 мың га алқапқа себілді

images2014-2015 ауыл шаруашылығы жылының басы еліміздің негізгі астық себетін аймақтар үшін ғалымдардың бағалауынша қолайлы болып қалыптасуда. Шілде айында жабылған жауын-шашыннан кейін топырақтың күздік ылғалы мол, сондай-ақ қыс мезгілінде жеткілікті мөлшерде қар түсті. Сондықтан, жиналған ылғалды сақтау және оны тиімді пайдалану көктемгі дала жұмыстарын өткізу кезіндегі маңызды міндеттердің бірі.

«Казгидромет» РМК мәліметі бойынша барлық аймақтарда көктемгі дала жұмыстарын өткізу кезінде топырақтың ылғал қоры қанағаттанарлық және оптималды деңгейде күтіліп отыр. Мамыр айында Павлодар облысында, Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағында жауын-шашынның мөлшері нормадан төмен болады деп күтілуде, ал қалған аймақтарда нормадан жоғары.

2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 млн. га алқапқа орналастырылмақ. Дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде 2,2 млн. га – майлы дақылдар, 3,7 млн. га – азықтың дақылдар және 413,6 мың. га – көкөніс дақылдарымен картоп. Кейбір аймақтарда орын алған тұқым тапшылығы облысішілік, облысаралық алмасу және бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасы есебінен толтырылды.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге шаруаларды одан әрі несиелендіруге «Казагро» АҚ мен екінші деңгейлі банктер арқылы 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді.

Бүгінде ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге 47млрд. теңге берілді, оның ішінде «Казагро» холдингі арқылы – 21,8 млрд. теңге, форвардты сатып алу бойынша – 11,8 млрд. теңге. Екінші деңгейлі банктер арқылы 25,2 млрд. теңге игерілді.

Бұдан басқа өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға ағымдағы жылы 78,2 млрд. теңге бағытталады, көктемгі-жазғы қаржыландыру есебінен мемлекеттік ресурсқа астықты сатып алуға 3,5 млрд. тенге бөлінбек.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынының көлемі 366 мың тонна мөлшерінде айқындалды. 13 сәуірдегі жағдай бойынша 1 литрына 81 теңгемен 146,8 мың тонна және еркін нарықта 35,3 мың тонна дизель отыны алынды. Жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 93-99% деңгейінде.

Қазақстанда жазғы дақылдар 353 мың га алқапқа себілді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus