Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 209 мың гектардан астам жазғы дәнді дақылдар себілді

Қазақстанда 209 мың гектардан астам жазғы дәнді дақылдар себілді

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
6.04.16 ж.                                                                                                Астана қ.

Қазақстанда 209 мың гектардан астам жазғы дәнді дақылдар себілді

«Казгидромет» РМК деректері бойынша 2016 жылғы көктемгі егіс кезеңінде ылғал қоры барлық аймақтарда топырақтың метрлік қабатында оңтайлы және қанағаттандырарлық болады деп күтілуде. Бұл ретте қарды жинақтаудың, әсіресе солтүстік және батыс өңірлерде қолайлы болуынан, сол сияқты наурыз айындағы жауын-шашынның мол түсуінен өндірімді ылғал қоры едәуір толықтырылды.  
Ғылыми мекемелердің ұсыныстарына сай солтүстік және орталық аймақтар үшін жазғы дәнді дақылдарды себудің оңтайлы уақыты 15-30 мамыр болып табылады.
Облыс әкімдіктерінің алдын-ала деректері бойынша 2016 жылы ауылшаруашылығы дақылдарын 21,6 млн. га алқапта орналастыру жоспарлануда. Дәнді дақылдар 15,2 млн. га, майлы дақылдар – 1,9 млн. га, мал азықтық дақылдар – 4 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 411 мың га алқапта орналастырылатын болады. Кейбір аймақтарда тұқымның жетіспеушілігі облысаралық және облыс ішіндегі алмастыру есебінен толықтырылатын болады.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктер және «Казагро» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді.
Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуға 26,3 млрд. теңге бағытталады, бұл  қаржы 291 мың тонна минералды тыңайтқыштарды және 12,6 млн. литр гербицидтерді жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, аса зиянды организмдермен күресті жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінді.
Бұдан басқа ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға барлық бағыттар бойынша 34,8 млрд. теңге бөлінетін болады.
ҚР ЭМ мәліметіне сай көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизель отынына қажеттілік 367 мың тоннаны құрайды. Ү.ж. 4 сәуірдегі жағдай бойынша 38 мың тонна дизель отыны 1 литрына 91 теңгемен сатып алынды.
Еліміздің оңтүстік аймақтарында а.ж. 2 сәуірге дәнді дақылдар 209 мың га алқапта орналастырылды.
Маркетингтік жылдың басынан бастап 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан шамамен 6,5 млн. тонна астықты экспорттаған. Бұл көрсеткіш өткен маусымның сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 33%-ға артық.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz    

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus