Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесі өзгереді

Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесі өзгереді

Шағын және орта шаруа қожалықтарын біріктірудің экономикалық тиімділігі жоғары.

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «ауыл шаруашылығы кооперациялары» заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді. Соған орай бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде алқалы жиын өтті. Онда ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруа қожалықтарының басшыларына жаңа өзгерістер түсіндірілді. Ауыл шаруашылығы министрінің мәлімдеуінше, енді субсидия алу жолдары өзгереді. Нақты айтқанда, инвестициялық субсидия жүйесі қолданылмақ. Соған сәйкес мемлекет шаруа қожалықтарының қаржы ұйымдарынан алған несиесінің 30%-ын қаржыландырады. «Ал саладағы ұсақ қожалықтарды ірілендіру – субсидия механизмін жетілдіру мақсатында қолға алынған ауқымды жұмыс», – дейді мамандар.

Асанбай Тағаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:
– Шағын шаруашылық болған жағдайда, біріншіден, ауыспалы егісіміз ұлғаяды. Барлығы бірдей су ішпейді. Соның салдарынан қазір топырақ құнары төмендеп кетті. Өнім де төмендеп кетті. Ал үлкен шаруашылықтар болатын болса, Үкімет қолдау көрсетеді. Субсидия береді. Лизинг алуға болады. Жұмыс өнімділігі артады.

Источник: http://24.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus