Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары Қазақстанда 2014 жылы дәнді дақылдар түсімі 11 ц/га деңгейінде болжанып отыр

Қазақстанда 2014 жылы дәнді дақылдар түсімі 11 ц/га деңгейінде болжанып отыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен ұйымдастырылған пресс-тур барысында қатысушылар Ақмола облысының Астрахан ауданында орналасқан бірқатар ауыл шаруашылығы объектілерін аралады. Атап айтқанда: «Фермер-2020» ЖШС, «Федоренко и К» ҚШ, «Бетеу-У» ЖШС.
Қазіргі таңда егін ору науқаны республикамыздың сегіз аймағында жүргізілуде. 2014 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 21,8 млн. га құрады, солардың ішінде дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар – 15,6 млн. га, соның ішінде бидай – 12,8 млн. га. Майлы дақылдар шамамен 2,3 млн. га, мақта 128,9 мың га, қант қызылшасы 1,8 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары тиісінше 182,0 және 223,2 мың га, жемдік дақылдар 3,5 млн. га алқапта егілген.
Ү.ж. 14 тамыздағы жағдай бойынша 7,6 млн. га немесе 49,7% дәнді дақылдар жақсы күйде, 6,7 млн. га немесе 43,9 % қанағаттанарлық, 0,8 млн. га немесе 5,5 % нашар күйде, 0,1 млн. га немесе 0,9% дәнді дақылдар егістері жойылды.
«Қазгидромет» РМК ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес ү.ж. дәнді дақылдар түсімі шамамен 11 ц/га деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды.
2014 ж. 19 тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 943 мың га жинап, 11,6 ц/га түсімділігімен 1млн. тоннадан астам астық бастырған, бұл өткен жылғы деңгейден 4,0 ц/га кем. Жамбыл (8,1 ц/га) және Ақтөбе облыстарында (4,1 ц/га) дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі ауа-райының құрғақшылық жағдайларына байланысты өнімділіктің төмен дейгейі белгіленді.
Қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,9 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 210 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды.
Бүгінде АҚК жаңа астықты қабылдауға материалдық-техникалық базаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтауда. Ү.ж. 19 тамыздағы жағдай бойынша 153 АҚК (АҚК жалпы санынан 73%) тексерілді, олардың ішінде 92-ы дайын деп танылды, ал қалған 61 АҚК әр түрлі себептер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестіктерін растамады.
Элеваторларда 505 бірлік дән кептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында – 139, Қостанай облысында – 135 және Солтүстік Қазақстан облысында – 154. Астықы қабылдауға 491 дән кептіргіш (97%) дайын, соның ішінде Ақмола облысында – 139 (100%), Қостанай облысында – 126 (93%), Солтүстік Қазақстан облысында – 154 (100%).
Ағымдағы жылы егін жинау науқанына шамамен 45,0 мың бірлік астық жинау комбайны, 156,2 мың бірлік трактор, 15,0 мың бірлік дестелегіш, 46,8 мың бірлік жүк автомобилі тартылады. Астық жинау комбайндарының дайындығы 98% құрады. 2013 жылы республиканың АШТӨ 6182 бірлік техника сатып алынды, соның ішінде 2205 трактор, 1146 астық жинау комбайнын, 210 себу кешенін, 341 сепкіш, 317 дестелегіш, 70 қопсытқыш және 1893 бірлік өзге техника.
Облыстармен жоспарлаған алқаптарда күзгі дала жұмыстарын өткізуге республиканың АШТӨ дизель отынына қажеттілігі шамамен 410 мың тоннаны құрайды. Күзгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін МӨЗ арзандатылған дизель отынының бағасы тоннасына 114 458 теңге (шамамен литрі үшін 95 теңге) деңгейінде бекітілді.
Ағымдағы жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша жеткізушілер АШТӨ үшін 148,5 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отынын немесе күзгі дала жұмыстарына жоспарланған 60%-ын тиеп жөнелтті.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W:www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus