Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 12 млн. га астам дәнді дақылдар жиналды – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанда 12 млн. га астам дәнді дақылдар жиналды – Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат – Қазақстанда ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер 12 млн. га астам дәнді дақыл жинады, ол еліміздің егін жинау алаңының 78,2%-ын құрайды, деп хабарланған Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған, ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында.

«Республиканың барлық аймақтарында жаңа өнімді жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер 12320,4 мың га жинаған, ол облыстардың егін жинау алаңының 78,2%-ын құрайды», – деп айтылған хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 15,6 млн. тонна астық бастырылған, мұнда орташа астық өнімділігі 1 гектардан 12,7 центнерді құрап отыр. 2012 жылы орташа астық өнімділігі гектарынан 8,4 центнер болғанын атап айтқан жөн.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus