Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда астық аумақтарының 18,4 % жиналды – ҚазАгро

Қазақстанда астық аумақтарының 18,4 % жиналды – ҚазАгро

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2898,8 мың гектар жерде немесе барлық аумақтың 18,4 % астық жиналды, деп хабарлады primeminister.kz «ҚазАгро» мемлекеттік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметіне сәйкес орташа астық өнімділігі гектардан 12,2 центнерді құрады.

Холдинг хабарламасында айтылғандай, астық жинау науқанын қаржыландыруға «ҚазАгро» 17 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Аталған соманың 13 млрд теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен болып табылады. 3,9 млрд-қа жуығы тікелей несиелендіру және Несиелік серіктестері жүйесі арқылы қаржыландыруға Аграрлық несие корпорациясының қаржысы.

Бұдан өзге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасы аясында, сонымен қатар оңтүстік аймақтың мақташыларын қаржыландыруға 500 млн теңге бөледі.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus