Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды

Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
28.04.16 ж.                                                                                           Астана қ.

Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясының  7-сессиясы өтті. Конференция шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы өткізілді.
АҚИҰ жарлығына сай Кеңес 8 мүшеден тұрады, Қазақстан құрылған ұйымның тұрақты мүшесі болмақ. Бас Ассамблея АҚИҰ Бас Ассамблея Төрағасы қызметіне Қазақстанның кандидатурсын қолдады.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің   38-сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.  Екі жылдан кейін ИЫҰ мүше мемлекетінің 30 сарапшысы Астана қ. өткен үкіметаралық эксперттік отырыста жарғылық құжаттың жобасын келісті.
Қазақстан азық-түлікпен қамтамасыз етуде жоғары әлеуетке ие. Соңғы  5 жыл ішінде ұн мен астық экспорты бойынша еліміз алдыңғы қатарды иеленіп келеді. Бұған қоса, республикада ауыл шаруашылығы өнімділігімен еңбек өнімділігін жоғарлату бойынша резервпен бірге табиғи ресурстардың қажетті көлемі бар, шамамен 180 млн. га жайылымдық және 24 млн. га егістік жер.
Сондықтан құрылған ұйымның штаб-пәтерінің Астана қ. орналасуы кездейсоқ емес. АҚИҰ жұмысы мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін және биотехнологияны тиімді дамыту аясында әртүрлі аспектіде техникалық ноу-хау және тәжірибе бермек.
Бұдан басқа, жаңа ұйым табиғи-климаттық жағдаймен елдердің географиялық орналасуына орай Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттерге азық-түлікті жеткізу кезіндегі шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін қолайлы көліктік-логистикалық маршруттарды құру және бірлескен азық-түлік қорларын қалыптастыру арқылы бағаның шарықтамауына жол бермеу міндеттерін шешпек.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus