Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 16,2 млн. тонна астық жиналды

Қазақстанда 16,2 млн. тонна астық жиналды

Ағымдағы жылы қалыптасқан қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа өнімін жинау қиындық туындауда. Солтүстік өңірлерде егін жинау науқанының барысын қыркүйектің соңғы жартысында – қазанның бірінші жартысында түскен жауын-шашын қиындатты.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша дәнді дақылдардың егін жинау алқабы 15,0 млн. гектар (2013 жылдан 736,3 мың гектарға кем) құрайды. Әртараптандыру бағдарламасының шеңберінде егістік жерлердің құрылымы елеулі өзгеруде. Мысалға, бидайдың егістік алқаптары соңғы 5 жылда 2 млн. га дейін (2009 жылғы 14,8 млн. гектардан 2014 жылғы 12,4 млн. гектарға) қысқарды. Бұл ретте басқа дақылдардың егістіктері арта түсуде. Атап айтқанда майлы дақылдардың егістік алқаптары 2009 жылғы 0,7 млн. гектардан 2014 жылғы 2,3 млн. гектарға дейін, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп 2009 жылғы 338 мың гектардан 2014 жылғы 413 мың гектарға дейін, жемдік дақылдар 2009 жылғы 2,5 млн. гектардан 2014 жылғы 3,3 млн. гектарға дейін артуда.
2014 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 13,1 млн. гектардан астам (87,5%) жиналып, 12,3ц/га орташа өнімділік кезінде 16,2 млн. тонна астық басылды.
Негізгі астық егу өңірлерінде – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдардың егін жинау алқабы 11,5 млн. гектар құрады, 9,7 млн. гектар немесе жалпы егін жинау алқабынан 84,3% жиналды, 12,4 ц/га орташа өнімділігі кезінде 12,0 млн. тонна астық басылды.
Ақмола облысында 3,8 млн гектар (93,6%) жиналды, 12,0 ц/га өнімділігі кезінде 4,6 млн. тонна астық басылды. Бұл ретте Атбасар, Ерейментау, Есіл, Жарқайын аудандары егін жинауды аяқтады.
Қостанай облысында 3,2 млн. гектар (77,4%) жиналды, 10,4 ц/га өнімділігі кезінде 3,3 млн. тонна астық басылды. Егін жинау жұмыстары Амангелді, Әулиекөл, Жангелді, Жітіқара, Қамысты, Наурызым аудандарында және Арқалықта аяқталды.
Солтүстік Қазақстан облысында 2,7 млн. гектар (81,7 %) жиналды, 15,4 ц/га өнімділігі кезінде 4,1 млн. тонна астық басылды.
Сол уақытта кейбір шаруашылықтарда егін жинау жұмыстары сұлатпа дестелегіштердің болмауынан, ауыл шаруашылығы техникасының тозуынан, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігінен, сондай-ақ бірқатар басқа себептерден 25%-ға кем аяқталды.
ҚР АШМ ауыл шаруашылығы жерлерінің және өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемінің ғарыштық мониторингі жөніндегі қызметін қолданады. Алайда, ғарыштық мониторинг деректері мен облыстық басқармалардың ақпараты 10-12 % айрықшаланады.
Бүгінгі күні республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 14,1 млн. тонна 215 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Егін жинау науқанының басынан бастап 2014 жылғы 24 қазанға дейін астық қабылдау пункттеріне 5,1 млн. тоннаға жуық жаңа егін астығы келіп түсті, соның ішінде
бидай – 4,4 млн. тонна (жұмсақ – 4,2 млн. тонна, қатты – 0,2 млн. тонна), арпа – 0,5 млн. тоннаға жуық, өзге де дақылдар – 0,2 млн. тонна.
Сақтауға келіп түскен 4,2 млн. тонна жұмсақ бидайдың ішінен 1-2-3-сынып сапасына 3,4 млн. тонна немесе 81,0%, 4-5-сыныпқа – 0,6 млн. тонна немесе 14,3% сәйкес келеді, 0,2 млн. тонна немесе 4,7% сыныпсыз болып табылады. Астық қабылдау пункттері барлығы 2,4 млн. тоннаға жуық астығын кептіріп, 2,8 млн. тонна астық өңдеді (тазартты).
Жауын-шашыннан АҚК-ға ылғалдылығы 30%-ға дейін жоғары астық келіп түсетіндіктен, оны кептіруге, тасымалдау мен өңдеуге 53,5 мың тонна дизель отыны (қазан – қарашаға) қосымша бөлінді. 24 қазандағы жай-күй бойынша облыстардың операторлары 27,7 мың тонна дизель отынына немесе жоспарланған көлемнен 52% төлем жүргізді. Астық кептіруге арналған 20,1 мың тоннаға жуық (38%) дизель отыны тиеп жөнелтілді.
Астық құнына қатысты 2014 жылы 3 сынып жұмсақ бидайына баға ішкі нарықта тоннасына 42 000 теңгеге жуық қалыптасуда, бұл өткен жылғы деңгейден біршама жоғары (тоннасына шамамен 25000 – 28 000 теңге), 4 сынып бидайының құны тоннасына 36 000 теңге, 5-сынып –28 000 теңге құрайды. Астық шығыстары мен сапасының төмендеуі ағымдағы жылы астық бағысының артуы есебінен өтеледі.

Анықтама:
Статистика органдарының деректері бойынша 2014 жылы алқаптардың басым бөлігіне – 15,3 млн. гектарға немесе 71,3% дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақты дақылдар, 3,3 млн. гектарға немесе 15,5% – жемдік дақылдар, 2,3 млн. гектарға немесе 10,7% – майлы дақылдар егілген. Солардың ішінде 295,4 мың гектар егістік жерлер өсіп-өну кезеңіндегі қуаң ауа райы жағдайларынан және бұршақтан жойылды.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 55 57 65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus