Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Есеп комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі былықтың бетін ашты

Есеп комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі былықтың бетін ашты

Су шаруашылығы нысандарын салуға және жөндеуге деп бөлінген 103 млрд теңгенің 73 млрд-тан астамы босқа ысырап болды. Есеп комитеті еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігіндегі былықтың бетін ашты. Нысандардың жобаларын тиісті орган емес, су ресуртары жөніндегі комитеттің өзі мақұлдап, бекіткен. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу туралы заңды сақтамаған. Осылайша қомақты қаражатты ешбір конкурсыз үлестіруді «Қаз-сушар» кәсіпорынының құзіретіне берген. Сөйтіп тапсырыс беруші де, оны мақұлдаушы да мемлекеттік кәсіпорынның өзі болған. Комитеттегі былық мұнымен шектелмейді. Осы күнге дейін жобаларға төленетін қаражаттың келісімшартын ерікті түрде жасалып келіпті. Ал мұның барлығын қадағалуы тиіс заңгер мен есепші мүлде жоқ екен. «Мұндай сұмдықты ешбір мемлекеттік органнан көрген жоқпыз», – дейді комиссия мүшелері. Ең қызығы бұл олқылықтар туралы комитет төрағасы бейхабар болып шықты. Ислам Әбішев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы -Жаңа естіп, шашым тік тұрды. Бізде заңгер тұрақтамайды. Айлығы аз. Бір-екі ай жұмыс істейді де кетіп қалады. Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы -Бірнеше жыл сіз комитетті басқарып жүрсіз. Қазір ғана сіздің көзіңіз ашылды. Бізде бухгалтерия, юристер жоқ екен дейсіз! Сіз сондай сөз айтуға ұялмайсыз ба?!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus