Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) офисі ашылды

Қазақстанда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) офисі ашылды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

28.04.16 ж.                                                                                                                  Астана қ.

Салтанатты ашылу рәсіміне Бас директордың орынбасары, Еуропа мен Орталық Азиядағы FAO-ның аймақтық өкілі В.О. Рахманин және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г. Исаева қатысты.
FAO-ның байланыс және серіктестік жөніндегі бюросының ашылу жөніндегі келісім-шартқа қол ҚР Үкіметімен FAO арасында 2015 жылдың 23 мамыр айында қойылды.
Елімізде FAO өкілділігінің ашылуы бұл Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық координациялауға дайындығының көрсеткіші. Қазақстан үшін басым бағыттарының бірі – офис арқылы FAO-мен және оның құрамына кіретін елдермен жедел жұмыс істеу және тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндігі.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың соңында Қазақстанда «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды, ол органикалық өнім өндірісінің дамуы үшін жағдай жасап, органикалық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстан алдында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ауқымды міндеттерге орай FAO-мен ұсынылатын техникалық және кеңестік қолдау, ақпараттық ресурстарды қолдану мүмкіндігі үлкен маңызға ие.
Қазақстанда құрылған FAO-ның офисі құрылғалы отырған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен (АҚИҰ) тығыз ынтымақтаспақ.

Справочно: БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы  (FAO)БҰҰ-ның жүйесіне кіреді және халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысады.
FAO азық-түлік және ауыл шаруашылығы қатысты ақпаратты жинайды, саралайды және таратады. Сондай-ақ, ұйым мүше-мемлекеттерге техникалық көмек көрсету қызметімен айналысады. Қазіргі таңда FAO-ның құрамына 198 мемлекет кіреді.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus