Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда әлем мемлекеттеріндегі аусылмен күресудің жоспарын талқылауда

Қазақстанда әлем мемлекеттеріндегі аусылмен күресудің жоспарын талқылауда

images (3)Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) өкілдері мен 14 мемлекеттен келген аусыл бойынша ұлттық координаторлар Алматы қаласында аусылмен күресудің жоспарын талқылауда. Бұл құжат БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және ХЭБ сарапшыларымен аусыл ауруы бұрынғысынша эндемиялық сипат алып отырған елдерде аусыл ауруымен күресудің ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге жәрдемдесу аясында жасалынды.
Халықаралық эпизоотиялық бюроның мәліметінше жыл сайын 70 мемлекет аусыл бойынша қолайсыз болып саналады. Аталмыш жануар ауруының таралуы ауыл шаруашылығына, сауда айналымына және әлем мемлекеттерінің экономикасына ауқымды залал келтіруі мүмкін. Шараға ХЭБ өкілдері, 14 мемлекеттен келген аусыл бойынша ұлттық координаторлар, оның ішінде Ауғанстан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз Республикасы, Ирак, Иран, Пәкістан, Сирия, Әзірбайжан, Армения, Грузия.

Батыс Еуразиядағы аусыл Жол картасы бойынша алтыншы отырысында қатысушылар ХЭБ-қа аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсарту және бұдан былай қолайлы аумақ мәртебесін алу мүмкіндігін қарастыру мақсатында аусылмен күресудің жоспарын ұсынды. Бұған қоса, сарапшылар Батыс Еуразияның экожүйесінде аусыл вирусының таралуы туралы ақпаратымен алмасты.

Анықтама: Аусыл – жіті өтетін, ауруға бейім жануарлардың арасында аурушаңдық көрсеткіші жоғары, тез таралумен және ауыз қуысының кілегей қабықтарында және тұяқтарының арасында клиникалық астылық белгілердің пайда болуымен сипатталатын аша тұяқты жануарлардың жұқпалы аса қауіпті вирусты ауру.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus