Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда шегірткеге қарсы күреске 18 ұшақ пен 43 дельтаплан ұшпақ

Қазақстанда шегірткеге қарсы күреске 18 ұшақ пен 43 дельтаплан ұшпақ

Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрліктерінің карантиндік қызметтерінің басшылары Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекарасында кездесіп, шегірткеге қарсы күресу аясындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.
2014 жылы Қазақстан аумағында 4 млн. гектар алаңда шегірткелердің үйірлі түрлерінің таралуы болжамдалуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу іс-шаралары 2 млн. га алқапта өтпек. Осы ретте аумақтардың көбінде өңдеу жұмыстары өткізілген. Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу шаралары толығымен аяқталды.
Шегірткелердің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулерді уақытылы жүргізу үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде пестицидтерді сатып алуға 520 млн. теңгеден астам және химиялық өңдеулер жөніндегі қызметтерді сатып алуға – 2,4 млрд. теңге бағытталды. Қазақстанда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу іс-шараларын жүргізуге 18 ұшақ, 43 аса жеңіл авиацияның (АЖА) әуе кемелері, сондай-ақ 43 аэрозольдік генераторлар, 169 атомайзерлік бүріккіштер (УМО) және 25 жер үсті бүріккіштері қатыстырылды.
Шегірткелердің көршілес аумақтарға өтіп кетуіне жол бермеу және өзара наразылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарға ерекше көңіл бөлуде. Ақтөбе облысының Орынбор облысымен ортақ шекарасының ұзындығы шамамен 800 км. Ауыл шаруашылығы министрлігімен Ресеймен шекаралас Мәртөк, Қобда, Айтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарында шамамен 600 мың гектарда тексерулер жүргізді. Оның өңдеуге жатқызылған алаң 263,3 мың гектарды құрады. Бұл ретте аумақтардың жартысынан көбінде өңдеу жұмыстары аяқталды.
Орынбор облысымен шекаралас аудандарда химиялық өңдеудің болжамдалған көлемі 208,7 мың гектар. Химиялық өңдеулер Светлинский, Домбаровский және Ясненский аудандарында жүргізілуде. Соль-Илецк ауданының шекаралас аумағында 3 мың гектар тексерілді, қоныстанғаны 1,5 мың гектар, өңдеуге жататын алаң анықталған жоқ.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ мәліметі бойынша Ақтөбе облысында италиялық прустың көктемгі-жазғы кезеңде 2,1 млн. гектарда құрауы мүмкін. Ағымдағы жылғы 10 маусымда облыста 1 млн гектар алаң тексерілді. Мұның өңдеуге жататын алаң 406,2 мың гектарды құрады және оның 297,2 мың гектары өңделді.
Ақтөбе облысында республикалық бюджет қаражаты есебінен шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер 786,3 мың гектар алаңда жүргізу жоспарлануда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел. + 7 7172 555 765
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus