Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда шегірткеге қарсы күреске 18 ұшақ пен 43 дельтаплан тартылмақ

Қазақстанда шегірткеге қарсы күреске 18 ұшақ пен 43 дельтаплан тартылмақ

Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрліктерінің карантиндік қызметтерінің басшылары Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекарасында кездесіп, шегірткеге қарсы күресу аясындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.
Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылы Қазақстанда 4 млн. гектар аумақта шегірткелердің үйірлі түрлерінің таралуы болжамдалуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу іс-шаралары 2 млн. гектар алқапта өтпек. Осы ретте аумақтардың көбінде өңдеу жұмыстары өткізілген. Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу шаралары толығымен аяқталды.
Шегірткелердің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулерді уақтылы жүргізу үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде пестицидтерді сатып алуға 520 млн. теңгеден астам және химиялық өңдеулер жөніндегі қызметтерді сатып алуға 2,4 млрд. теңге бағытталды. Қазақстанда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу іс-шараларын жүргізуге 18 ұшақ, 43 аса жеңіл авиацияның (АЖА) әуе кемелері, сондай-ақ 43 аэрозольдік генераторлар, 169 атомайзерлік бүріккіштер (УМО) және 25 жер үсті бүріккіштері тартылды.
Шегірткелердің көршілес аумақтарға өтіп кетуіне жол бермеу және өзара наразылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарға ерекше көңіл бөлуде. Ақтөбе облысының Орынбор облысымен ортақ шекарасының ұзындығы шамамен 800 шақырым. Ауыл шаруашылығы министрлігімен Ресеймен шекаралас Мәртөк, Қобда, Айтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарында шамамен 600 мың гектарда тексерулер жүргізілді. Оның өңдеуге жатқызылғаны 263,3 мың гектарды құрады. Бұл ретте аумақтардың жартысынан көбінде өңдеу жұмыстары аяқталды.
Орынбор облысымен шекаралас аудандарда химиялық өңдеудің болжамдалған көлемі 208,7 мың гектар. Химиялық өңдеулер Светлинский, Домбаровский және Ясненский аудандарында жүргізілуде. Соль-Илецк ауданының шекаралас аумағында 3 мың гектар тексерілді, қоныстанғаны 1,5 мың гектар, өңдеуге жататын аумақ анықталған жоқ.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ мәліметі бойынша Ақтөбе облысында италиялық прустың көктемгі-жазғы кезеңде 2,1 млн. гектар жерде шығуы мүмкін. Ағымдағы жылғы 10 маусымда облыста 1 млн гектар алқап тексерілді. Мұның өңдеуге жататыны 406,2 мың гектарды құрады және оның 297,2 мың гектары өңделді.
Ақтөбе облысында республикалық бюджет қаражаты есебінен шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулерді 786,3 мың гектар аумақты жүргізу жоспарлануда.

http://kazinform.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus