Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың ашық лекциясы өтті

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың ашық лекциясы өтті

Алматы қ.       07.11.2013 ж.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың ашық лекциясы өтті. Іс-шараға ҚазҰАУ оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері, сондай-ақ онлайн режимде Жәңгірхан, С. Сейфуллин атындағы аграрлық университеттерінің және Шәкәрім атындағы Семей қ. мемлекеттік университетінің ұжымы мен студенттері қатысты.

Министр өз лекциясында университет түлектерінің жұмысқа орналасу сұрақтарына, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асуы, АӨК ағымдағы жағдайы, сондай-ақ «Агробизнес 2020» салалық бағдарламаның негізгі міндеттеріне тоқталды.    

Бүгінгі күні Қазақстан азық-түлікке деген өз қажеттілігін 80 пайызға қамтамасыз етеді.

Орташа есеппен алғанда жылына15,5 млн.тонна астық өндіріліп, шамамен 6 млн. экспортқа жөнелтілетінін атап өткен жөн. Бүгінде біз әлемдік  экспорттаушы елдердің алдыңғы 10 қатарына кіреміз. 

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шығарылымы оң өсім үрдісіне ие: соңғы 12 жылда жалпы өнім көлемі 4 есеге дерлік ұлғайды және 2012 жылы 2 трлн. теңгеге жуық көрсеткішті құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі аталған кезеңде 3 есеге, мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 5 есеге дерлік ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 2012 жылы 3 млрд. астам АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 66%-ға жоғары. 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде 2012 жылы шаруашылық және фермерлік қожалықтарындағы мал басының саны 20,1 %-ға өсті.

Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде аграрлық құрылымдардағы ірі қара малдың жалпы санынан аналық мал басының үлесі 37,2%-дан  43,9%-ға өскенін атап өту қажет. Бұл «Сыбаға» бағдарламасының тікелей нәтижесі.

2012 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 22%-ға (133,9 млрд. теңге) өсті.

  Ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның өсімі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ең жоғарғы болып табылады.Десекте, абсолюттік сандар мен инвестициялар көлемінің жалпы өнімге ара қатынасы басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласының артта қалғандығын айғақтайды.

  Осы мәселені шешу, инвестициялық тартымдылықты жасау аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Агробизнес-2020» жаңа бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын қарастыруда.

Жас мамандарды жұмыспен қамту аясында, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асыру шеңберінде, министр 2009 жылдан бастап республиканың ауылдық елді мекендерге         28 237 маман тартылғандығын мәлімдеді.

Жалпы аталған жобаны іске асыру ауылдағы кадрлық әлеуетін тиімді жағарлатып қана қоймай, ауылдық аумақтарда нарық еңбегін дамытуға ықпал етті, келешегі бар ауылдарда тұруға жастардың қызығушылығын жоғарлатты, сөйтіп ауылдың әлеуметтік саласындағы кадрлық жетіспеушілік мәселесі шешілді.

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі жас мамандарды жұмысқа тарту аясында аграрлық ЖОО түлектерімен кездесулер өткізуде.

Мысалға, 2012 жылы сәйкесінше конкурстық процедураларды өткеннен кейін Министрліктің орталық аппаратына ЖОО-ды үздік бітірген 10 түлек қабылданды.

Лекция өз мәресіне жеткеннен кейін тыңдаушыларда сұрақ қойып, ауыл шаруашылығы саласында ойландыратын тақырыптарды ортаға салу мүмкіндігі болды. 

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Байланыс: тел. +7 (7172)55-57-65,

Еmail: info_mcx@mail.ru, www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus