Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2014ж егіс және астық жинау науқанын қаржыландырудың қорытындылары туралы «ҚазАгро» холдингінде айт

2014ж егіс және астық жинау науқанын қаржыландырудың қорытындылары туралы «ҚазАгро» холдингінде айт

holding (1)
2014 жылғы көктемгі егіс және астық жинау науқанына «ҚазАгро» Ұлттық холдингі барлық қаржыландыру көздерінен 89,3 млрд.теңге бағыттады. Бұл туралы 2014 жылғы астық жинау науқанына дайындық сұрақтары бойынша холдинг құрамындағы барлық даму институттарының қатысуымен өткен жиында айтылды.

Бұл сомадан 7,1 млрд.теңге – мемлекеттік ресурсқа бидай сатып алуға көзделген бюджеттік қаражат, 11,6 млрд.теңге – холдингтің жеке қаражаты, 40 млрд.теңгесі – 023 бағдарламасы бойынша бюджеттік несие / Аграрлық несие корпорациясын /АНК/ қорландыруға – 5,5 млрд.теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры /АШҚҚҚ/– 500 млн.теңге, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы /АТКШК/ – 14 млрд.теңге/. Бюджеттік несие есебінен қаражатты игеру 39 млрд.теңгені немесе жоспардан 97,5 пайызды құрады, соның ішінде: АНК – 5,5 млрд.теңге /100%/, АТКШК – 13 млрд.теңге /93%/, АШҚҚҚ – 0,5 млрд.теңге /100/.

Осы жылы «ҚазАгро» холдингі бірінші рет 20 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатына егін науқанын қаржыландыруды екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырды. Жаңа несиелендіру көзі Агробизнес 2020 бағдарламасына сәйкес ауылдықтардың несиеге қолжетімділігін арттыру мақсатында іске қосылды. Барлық аталған шаралар егін егу науқанын 6 млн.га жерде жүргізуге мүмкіндік берді. 2014 жылғы бюджеттік несиені екінші деңгейлі банктер арқылы игеру: Цесна Банк – 100% игерілді, Delta Bank – 100%, Еуразиялық банк – 100%, Астана банкі – 100 игерілді. Жер алқабтарын игеру көлемдері 681,5 мың га кем емес.

Аталған шаралардың барлығы 5,4 млн.га жерде егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың 14 тамызы күнгі жағдай бойынша холдингтің компаниялар тобымен 2014 жылғы көктемгі егіс және астық жинау науқаны жұмыстары шеңберінде 30,1 млрд.теңге сомасына 3 577 өтінімдер мақұлданды, оның 29,2 млрд.теңге сомасына 3 504 өтінім қаржыландырылды. Салыстырма ретінде өткен жылы 53,7 млрд.теңге сомасына 3 065 өтінім қаржыландырылған болатын.

Қаржылық ресурстардан бөлек «ҚазАгро» ауылдықтардың машина-трактор паркін жаңаландыру сұрақтарын шешуде. Республика шаруашылықтарын және агроқұрылымдарын техникалық қамсыздандыруға 30,6 млрд.теңге бағытталды. Қажетті ауыл шаруашылық техникасын иеленуге аграршыларға лизинг және несиелендіру сияқты құралдар арқылы холдингтің құрамындағы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясы жүзеге асырады. Бүгінгі күні компанияның бөлімшесінде 30,1 млрд.теңге сомасына 507 бірлік астық жинау техникасына өтінімдер жұмыс үстінде. Қаржылық лизинг шарттары 29,2 млрд.теңгеге 3 504 бірлік техниканы иеленуге жасалды.

Осыған орай «ҚазАгроҚаржы» компаниясы «Егін 2014» бағдларламасын жасады, ол бойынша ауылдықтар астық жинау техникасын жеңілдетілген шарттар бойынша иеленуге мүмкіндік берді. Лизингтің бірінші нұсқасына сәйкес фермер техниканы кепілзатсыз, тек аванстық төлемнің әдеттегідей 15 пайызын емес, енді 10 пайызын ғана төлеп алуын болады.

Екінші нұсқасында ол комбайнды жұмыста қолдануына болады, төлемді қарашаның 15-не дейін қалдырып, кепілзат ретінде бидай қолхаты бойынша 2014 жылғы егіннен бидайды техниканың құнынан 10 пайызы көлемінде бере алады. Фермер бірінші лизингтік төлемді төлей алған кезінде кепілдік қамсыздандырудан босатылады. Осы шарттар сондай ақ астық кептіру, күріш жинау және мақта жинау техникасын алуға да қолданылады.

Астық жинау техникасы 12,8% шартымен беріледі. Осы жағдайда мемлекет жалпы қаржыландыру мөлшерінің 7 пайызын субсидиялайды. Осылайша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша соңғы ставка 12,8%-дың орнына 5,8% болады.

Астық сақтау қоймаларының құрылысы бойынша бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қоржынында 19,4 млрд.теңге сомасына 41 жоба бар және жалпы сақтау көлемі 775 600 тоннаны құрайды. 2010 жылдан бері 9,4 млрд.теңгеге 24 жоба пайдалануға берілді және жалпы сақтау көлемі 458 100 тоннаны құрайды. 2014 жылы 195 000 тонна сақату сыйымдылығы бар 9 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның ішінде ағымдағы жылы 30 000 тоннаға 1 жоба іске қосылды. Осыған орай жылдың соңына дейін ҚазАгро холдингімен 623 100 тонна сақтау қуаттылықтары пайдалынуға беріледі.

Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға 2014 жылдың егінінен Екінші деңгейлі банктер кепілідігмен /2014 жылғы 17 сәуірінен № 368 ҚР Үкіметі Қаулысына сәйкес/, 7 078,5 млн.теңге бөлінді, оның 3 539,25 млн.теңгесі – көтемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға және 3 539,25 млн.теңге күз кезеңін қаржыландыруға бағытталды. Көткемгі егіс жұмыстарында қолданылмаған қаражат күз уақытында астықты тікелей сатып алуға қолданылатынын атап өту жөн.

Азық-түлік корпорациясы жүзеге асыратын бюджеттік несие қаражатынан бидайды және арпаны форвардтық сатып алу шеңберінде / 2014 жылғы 17 наурыздан облыстар арасында шектеулерге сәйкес Мемкомиссияның бекіткен шешімі/ барлығы 1,7 мың қарызгерді 2,2 млн.га жер алқабына 13 млрд.теңге сомасына қаржыландырды немесе жалпы қаржыландырудың 93 пайызын құрайды.

ӘКК кепілдігімен қаржыландыру және форвардтық сатып алу шарттары бойынша 2012 және 2013 жылдары Азық-түлік корпорациясы алдында өтелмеген мерзімі асқан міндеттемелері бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер бар. Бүгінгі күні ӘКК кепілдігімен форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қарыздың қалдығы /негізгі қарыз/ жалпы 3 477,1 млн.теңге сомасын құрайды, соның ішінде 2012 жылдың шарттары бойынша – 2 208,9 млн.теңге, 2013 жылдың шарттары бойынша – 1 268,2 млн.теңге.

Анықтама:

ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus