Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында браконьерлер қарақұйрық пен киіктерді заңсыз аулады

Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында браконьерлер қарақұйрық пен киіктерді заңсыз аулады

5415

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе өткізген рейд барысында Оңтүстік-Қазақстан облысы Арыс ауданының аумағында мотоцикл мінген 34 жасар азаматты тоқтатты.
Көлікті тексерген кезде қарақұйрықтың еті мен 12 калибрлі мылтық табылып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.
Сондай-ақ, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының аумағында мотоцикл басқарған браконьерден киіктің 5 өлексесін анықтап, тәркіледі.
Ұсталу орнына Қаражал қ. ІІБ-нің жедел тобы шақыртылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus